Бәйкен Әшімұлы Әшімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйкен Әшімұлы Әшімов (10 тамыз 1917, бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Айыртау болысы Шабанбай би ауылы (қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы) - 5 ақпан, 2010, Алматы) — мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері (1977).

Өмірбаяны

Әкесі Әшімнің ұлы дүниеге келгеннен кейін алты айдан соң көз жұмыпты. Анасы Сақып ерінің соңында ұлын өсіреді.

  • Петропавлға келіп ФЗО-ға түседі.
  • Қызылжардағы ауыл шаруашылығы техникумын (1938) бітірген.
  • Сол кездегі қазақ жастары үшін таңсық кәсіп-агрономдық мамандықты игеруге аңсары ауып, қиырдағы Ленинград қаласына бағын сынауға келеді. Ленинградтағы зоология және фитопотология институтына түсіп, агроном-ғалым мамандығын (1957) алып шығады.
  • КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін (1969) бітірген.
  • 1938 — 41 ж. армия қатарында
  • 1941 — 42 ж. Айыртау ауданы орта мектебінің мұғалімі болды.
  • 1942 — 45 ж. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысты.
  • 1945 — 61 ж. Айыртау, Зеренді аудандарында және Көкшетау облысы партия комитетінде басшылық қызметтер атқарды.
  • 1961 — 70 ж. Қарағанды, Талдықорған облыстарын басқарды.
  • 1970 — 84 ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы
  • 1984 — 85 ж. Қазақ КСР Жоғорғы Кеңесі Төралқасының төрағасы болды.
  • 1985 жылдан дербес зейнеткер.

Еңбектері

Тың жерлерді игеру және Қазақстанның ауылдық жерлерінің экономикасын көтеру жұмыстарына белсене араласқан. Осы кезеңдерде Қазақстанда:

  • Қазақ газ өңдеу зауыты
  • Ақтау пластмасса зауыты
  • Қарағанды резина-техникалық бұйымдар зауыты
  • Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары
  • Қарағанды металлургия комбинатының ақ қаңылтыр шығару цехы
  • Екібастұз және Ақсу аймақтық электр станциялары
  • Қапшағай су электр станциясы
  • Жәйрем кен байыту комбинаты, т.б. ірі өнеркәсіп орындары салынды, өндіріс технологиясы жаңартылып, ғылым мен техника жетістіктері кеңінен пайдаланылды. Сол кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі жөнінен Қазақстан КСРО бойынша үшінші орынға (РКФСР мен Украинадан кейін) шықты.

Марапаттары

  • 4 мәрте Ленин
  • 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту
  • Қызыл Жұлдыз
  • 2 мәрте 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен
  • Моңғолия ордендерімен
  • Польшаның ең жоғары әскери құрмет белгісі «Вертути Милитари» орденімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Қазақстан президенті Үлгі:Navbox