Бәйеке Жазыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйеке Жазыбайұлы (1820, Тарбағатай, Тоқта - Барлық тауы - 1890, Қытай, Іле аймағы, Текес ауданы Ешкілік тауы) - би, мәмілегер. Бала кезінде медреседе білім алған. 16 жасынан ел билеу ісіне араласып, шешендігімен, зеректігімен жұртқа танылған. 1845 жылы қызай руына би болып сайланды. Бәйеке 1860 - 80 жылдары қызайларды Тарбағатайдан Іле өңіріне көшіріп әкеліп қоныстандыруға басшылық етті. 1879 жылдары Қытай мен Ресей қазақтары арасындағы қарым-қатынасты реттеу мақсатында өткен бірқатар жиындарға Қытайдағы қазақтардың өкілі ретінде қатысты. Бәйеке би Цинь патшалығының ауыр езгісіне, ұлттар арасындағы теңсіздікке қарсылық білдіргені үшін Іле генерал - губернаторының бұйрығымен жазаланып, бір жылдан кейін қаза болды.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәйеке Жазыбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}