Бұқат Қанапияұлы
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұқат Қанапияұлы (1897, Қытай, Шығыс Түркістанның Алтай аймағы — 1941, Үрімжі) — қоғам қайраткері. Шыңжаңдағы “Абақия” мектебін бітірген. 1933 жылы сәуірден бастап Сарсүмбе ауданының әкімі болған. Қытай билеушісі Уй Жыңго және Махыиң бастаған дүнген басқыншыларына қарсы күрес жүргізді. 1939 жылы 11 сәуірде Шэн Ши Сай өкіметі Бұқатты тұтқынға алады. Бірақ көтерілісшілердің талабы бойынша, ол Алтай аймағының генерал-губернаторы болып тағайындалады. Алтай қазақтарының көтерілісінен кейін Бұқат қайта ұсталып, Үрімжідегі абақтыда азапталып өлтіріледі.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұқат Қанапияұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}