Бұқаралық ақпарат құралдары бақыт туралы екі әңгіме

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

"Бұқаралық ақпарат құралдары бақыт туралы екі әңгіме" -"Қазақ теле-фильм" студиясының түрлі түсті, 3 бөлімді, қазақ-орыс тілдеріндегі деректі фильмі (1982). <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия.–Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т.-640 бет.</ref>

Фильм Қостанай облысы, Жетіқара аудандағы "Красноармейский" кеншарындағы Халық ағарту ісінің үздігі, ауылдық Кеңестің төрайымы Нағима Дұрысжанованың өнегелі өмірі жайлы. Ол туралы ауылдасы, кеңшар директоры Павловский, Жетіқара ауданы партия комитетінің хатшысы З.Шереметьев сияқты лауазымды кісілер оң пікірлер айтып, іскерлігі туралы әңгімелейді.

Фильмнің екінші кейіпкері -"Шевченковский" кеңшарының инженер-құрылысшысы Анна Гировская. Ол туған ауылындағы жаңа тұрғың кешендерінің бой көтеруіне өз үлесінің бар екенін айта келіп, өз мамандығы тұрғысында толғанады. Режиссер – С.Заваруев, операторлары – Б.Саяқов, В.Максимов.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}