Бұхара медреселері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұхара медреселері — діни оқу орындары. Бұл жоғары діни мектептер Бұхарада ең алғаш орта ғасырларда пайда болған. Мұсылман діни орталығы ретінде танылған бұл қалаға Орталық Азияның барлық түкпірлерінен, Татарстаннан, түрлі шығыс елдерінен балалар келіп оқыған. Бұхарадағы медреселер санының 103, олардың ең бастыларының өзі 60 шамалы болғандығы жөнінде мәліметтер бар. Мысалы, осында көп жылдар білім алған Садриддин Айни де Бұхарада 100-ге тарта ірі және сол шамалы ұсақ медреселер болғанын жазады. Олардың көпшілігі өз кезінде сәулет өнерінің ең озық үлгілерімен салынып, әлі күнге дейін ерекше әсем де әдемі ансамбль құрап, қалаға сән беріп тұрған ғимараттар қатарына жатады. Олар: 1) Ұлықбек медресесі. Бұл оқу орны ғалымның Өзбекстанда салдырған үш медресесінің біріншісі және ең ежелгісі. Негізі 1417 ж. қаланған. Оның жобасын жасаған Әмір Темірдің бір жорығында тұтқынға түскен парсылық ұстаның ұрпағы делінеді. Медресе үйі Абдуллахан дәуірінде (1586) қайта жөндеуден өткен. Бұл ғимарат кішкене бөлмелерден, оқу залдары бар екі қабатпен қоршалған екі басқышты шаршы ауладан және көлденең орналасқан мешіттен тұрады. Олардың бәрі де пішімдерінің үйлесімділігімен, құрылыс сипатының классикалық тепе-теңдігімен, әсемдігімен көз тартып тұрады; 2) Абд ул-Әзиз хан медресесі. Ол Ұлықбек медресесіне қарама-қарсы орналасқан, 1651 — 52 ж. салынған және Бұхарадағы ең ірі мешіт болып табылады. Ғимарат өзінің күрделі композициясымен, жаздық бастырмаларымен және орталық кіндіктегі күмбезді бөлмелері тобымен де ерекшеленеді; 3) Мір-Араб медресесі. Ол да Бұхарадағы сәулет өнерінің 15 ғ-дағы ең үздік ескерткіштерінің бірі. Бұл әшекейлі күмбездер сәулет және қолданбалы өнердегі поэтикаландырылған геометрияның таңғажайып суретті көрінісі. Мір-Араб архитектурасы мен өрнектелуі аса жоғары мәдениетпен және талғаммен жасалған. Бұхарадағы осылар сияқты басты медреселердің қатарында Көгілташ, Қош, Әмір-Әлімхан, Надир Диуан бегі, тағы басқа да медреселер қаланың архит. ансамблін толықтырып, ежелгі шаһарды әсемдік әлемінің құшағына алып тұр. Қазіргі уақытта кейбір медреселерде, мысалы, Ұлықбек медресесінде дін сабақтарымен бірге, математикадан, астрономиядан, философиядан, тағы сол сияқты ғылым салаларынан дәрістер берілді. Бұхара медреселерінің мыңдаған түлектері арасында көптеген қазақ зиялылары да болған. Осындағы медреселердің бірін бітірген Наурызбай Таласов ұзақ жылдар Бұхарада дәріс берді, “науан” лауазымына ие болды. Ресей Мемлекеттік думасына депутат болған Шахмардан Қосшығұлов осы кісінің шәкірті болды. Мәшһүр Жүсіп Көпеев те Бұхара медреселерінде оқып шыққан. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub