Бұрғылау қондырғысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

11:16, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұрғалау қондырғысы ұңғыманы бұрғылауға арналған құрал-жабдықтар кешені. Ол бұрғылау тәсіліне қарай: айналмалы Бұрғалау қондырғысы (көп тараған түрі) және соққылы Бұрғалау қондырғысы болып екіге бөлінеді. Айналмалы Бұрғалау қондырғысының құрамына бұрғылау мұнарасы, күштік жетек, түсіріп-көтеру операцияларын механикаландыруға арналған құрал-жабдықтар, бұрғылау сорғылары, шайғыш ерітіндіні дайындауға, тазалауға және оны өңдеп қайта қолдануға арналған құрал-жабдықтар, т.б. енеді. Бұрғалау қондырғысы мұнай, газ және терең геологиялық барлау ұңғымаларын бұрғылауға арналған тұрақты Бұрғалау қондырғысы, көбіне геологиялық барлау жұмыстарында, су астындағы бұрғылауда және құрылыс жұмыстарында қолданылатын жылжымалы Бұрғалау қондырғысы, негізінен қопарылыс ұңғымаларын бұрғылауға арналған (жабдықтары шынжыр табанды не доңғалақты сүйреткіштерге, автомобильге, тракторға, катерге, т.б. орнатылған), өздігінен жүретін Бұрғалау қондырғысы және жетуі қиын жерлерде бұрғылау жұмыстарын жүргізуге арналған тасымалды Бұрғалау қондырғысы болып ажыратылады. Тау-кен ісінде Бұрғалау қондырғысы бұрғылау станоктары деп аталынады.

Дереккөздер

Қазақ энцклопедиясы II том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұрғылау қондырғысы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}