Бұрлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:18, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұрлық– көне зират. Солтүстік Қазақстан облысы Иман-Бұрлық өзенінің Есілге құяр жерінде. 1967 — 68 жылдары С.Я. Зданович зерттеген. Зираттағы 40-қа жуық топырақ обалар мен қоршаулар жалпы ұзындығы 1 км жерге шашырай орналасқан. Қазылған 15 обадан алынған деректер зираттың қола дәуіріндегі Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне (б.з.б. 2-мыңжылдықтың 2-жартысы) жататынын көрсетті. Адам мүрделері бүгілген күйі оң бүйіріне жатқызылып, басы күнбатысқа қаратып жерленген. Өртеп жерлеу ғұрпы да кездеседі. Қабірлер топырақтан үйілген. Қазба барысында қыш ыдыстар, қола бұйымдардың қалдықтары, моншақ, т.б. табылды. Қыш ыдыстар Андрон мәдениеті кезеңінің ыдыстарына ұқсас. Заттай деректер осы өңірді мекендеген тайпалардың Орталық Қазақстан, Оңтүстік Орал өңірлерін мекендеген андрондықтармен мәдени-тұрмыстық сабақтастығын дәлелдейді.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұрлық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}