Бұрлығу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұрлығу - жылқыны мініске дұрыс пайдаланбаудан пайда болатын ауру. Бұрдығу, топқазы және қарта түйілу деген аурулар жылқы малында тез өршитін аурулар қатарына саналады. Семіз атты қинап міну, жарауы мен бабы дұрыс болмаған атты бәйгеге қосу, саятқа салу жылқыны бұрлығу ауруына шалдықтырады. Ұзақ жүріске жақсылап отатып, суарып шықпаудан аттың ішек-қарны босап, екі қазысы бүрісіп, бір-біріне килігуден тоққазы ауруы өршиді Аттың ішек қырындысы жұқарып, боқ жыны азаюдан қартаға жел толса «қартасы түседі».

Осы ауру түрлеріне шалдыққан аттың аузы ашылып, көзі алақтап, бұлшық еттері дірілдеп, кежегесі тартып, аунап түседі де, аяқтарын сермеп, қабырғасын тістей береді. Мұндайда аттың сауырына, жаясына дереу суық су шашып, тік ішегіне темекі тығады. Бұрдыққан, топқазы болған аттардың жемін бірте-бірте көбейте отырып азықтандырады, сиырдың жапасын немесе жылқының жас бопайын сүтке езіп жұтқызады, жаңа сойылған қойдың жынын, жылы қанын береді.

Ұдайы көкке тойынатын, ішіндегі боқ-жыны алмасып отырған ат мұндай ауруларға шалдықпайды дейді қариялар. Дәстүрлі ортада оны тексерудің қалыптасқан тәсілі - жылқының бопайын (құмалағын) ұстап байқаған, арасына жел жүгірген бопайдың ұмалып, өзінен-өзі сынып кебірленіп тұратындығынан айырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұрлығу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}