Бұлұтай Мұртаза

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:38, 2017 ж. сәуірдің 14 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұлұтай Мұртаза Жүнісұлы (1.21.1969 жылы туған, Түркия, Ұлықышла (Ұлықыстау) ауданы, Қазақ ауылында) - белгілі дінтанушы, мәдениеттанушы, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетін (1994), Халықаралық Құқық және Нарық академиясын (2000) бітірген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің оқытушысы, ҚМДБ үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының Кеңесшісі қызметтерін атқарған. «Құран Кәрім әліппесі» (1992) атты кітабы мен 4 үн таспалан тұратын «Дінімізді үйренейік» жинағы Ислам діннің негіздерімен таныстырады. «Ата-баба діні. Түркілер неге мұсылман болды?» (2000) ғыл. монографиясының, «Дін және ұлт» (2006), т.б. 10-ға жуық кітаптың, 200-ден аса ғылыми-публицистикалық мақалалардың авторы. Ислам қорының (Швейцария), Дүниежүзілік Мұсылман Жастары Ассамблеясының, «Иман», «Зерде» респ. қорларының алғыс хаттарымен марапатталған.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Islam-stub