Бұлық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұлық - дәстүрлі қолөнерде сәндік үшін жасалатын, жалпақ шеттік тәрізді әдібін айрықша көрсету үшін киім-кешек, үй бұйымдары мен түрлі жабдықтардың шетіне, жиегіне ұсталатын, салынатын қосымша тігіс, буылтық т.б. Қолданылатын, салынатын бұйымына байланысты әртүрлі аталады. Көрпенің жиегіне салатыны түтік пен шырға. Шалбардың сыртқы тігісі бойына ұзынынан салынатыны жапсырма. Шетін айналдыра қызыл-қара бұлмен көмкерген, екі қабат төсек киіздің көмкермесінің арасына әр түстен салынатын сыздық мата.

ҚР МОМ қорындағы бұлық салынған ақ түсті төсек сырмақтың ұзындығы 1 м 85 см, ені 87 см, трапеция пішінді етіліп, жиегіне қызыл түсті барқыттан көмкерме ұсталған. Арасына қоңыр түсті бұлмен қапталған киізден бұлық салынған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұлық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}