Бұйымтай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұйымтай - этикалық мәнді ұғым. Қауымның жекеленген мүшелерінің ара қатынасында орын алған этикет, біреуге қолқа салатын шаруа, алғысы келген бұйым немесе өтініш. Дәстүрлі түрдегі бұйымтай айту негізінен төмендегідей сипатта болады: сыйлас кісілер арнайы келіп, сәлемдесіп екі-үш күн қонақ болғаннан кейін, қайтуға қамданған кезде үй иесі қонакқа алғыс айтып, қонақтың бұйымтайын сұрайды. Бұл қонақтың қалағаны немесе нендей шаруасы бар екенін білу деген сөз. Қонақ мұндайда келген шаруасын, яғни бұйымтайын айтады. Қонақ сөзін жерге тастамау, өтінішін орындау - қазақ үшін бұлжымас қағида.

Сонымен қатар дәстүрлі ортада қонақ болып бірнеше күн жатпайтын алыстан арнайы ат басын тіреген адамға қалыптасқан үрдіс бойынша үй иесі дастарқан жайып күтіп, шаруасын сұрап біліп, көңілін қалдырмаған. Ондай арнайы келген адамның айтар бұйымтайы көбінесе жүйрік- жорғаға, алғыр тазыға, қыран бүркітке қатысты болады. Ұзатылган қыздың үш жылдан кейін төркініне келіп жұртынан қалағанын сұрауы - қолқа салудың, бұйымтай айтудың дәстүрлі қалыптаскан түрі. Қайын жұртына күлкі болмасын, «басынбасын» деп бұйымтайын, қалауын беріп аттандырған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйымтай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}