Бұйрық Хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұйрық Хан, Бай Бұқа (туған жылы белгісіз — 1206) — Найман мемлекетінің батыс бөлігінің билеушісі, найман ханы Инаныш Білге Бұқаның екінші ұлы. Әкесі қайтыс болған соң, ағасы Таян ханмен (Тайбұқа) билікке таласып, Найман мемлекетінің батыс бөлігін, Алтай тауының оңтүстігі мен солтүстігін өз қол астына қаратып алды. 1199 жылы Шыңғыс хан мен Керей хандығы одағы Бұйрық Хан иелігіне шабуыл жасады. Бұйрық Хан Үңгіркөл маңында жеңіліс тауып, Енесей қырғыздары арасына қашып кетті. Ол 1201жылы Жамұқаның басшылығымен татар, найман, ойрат, тайшұғыт, жажират секілді тайпалардың бірлескен одағының Шыңғыс ханға қарсы жасаған жорығына қатысты. Бірақ бұл жорық жеңіліспен аяқталды. 1204 жылы Шыңғыс хан Найман мемлекетіне шабуыл жасап, Таян ханды өлтіріп, ұлыстың шығыс бөлігін басып алды. Таян ханның ұлы Күшліктің Бұйрық Ханмен бірлесіп, Шыңғыс ханға қарсы тұрмақ болған әрекеті нәтижесіз болды. Бұйрық Хан 1206 жылы Шыңғыс хан қолының шабуылы кезінде қолға түсті. Сөйтіп Найман мемлекеті түбегейлі жойылды.

Дереккөздер

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйрық Хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}