Бұйдаш хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:26, 2011 ж. маусымның 12 кезіндегі Orkaarys (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Infobox Monarch Бұйдаш ханБұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан (16 ғ.) — қазақ хандарының бірі (1533 — 38). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тахыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғ-дың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тахыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған. Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. “Тарих-и Рашидиде” Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыри Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.

Пайдаланылған әдебиет

“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұйдаш хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Үлгі:Kazakh Khansru:Буйдаш-хан