Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бұйдаш хан"
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ш (Bot: Migrating 2 interwiki links, now provided by Wikidata on d:q3826525 (translate me)) |
|||
Жол нөмірі 64: | Жол нөмірі 64: | ||
[[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]] | [[Санат:Шыңғыс ханның ұрпақтары]] | ||
− | |||
− | |||
− |
02:32, 2013 ж. наурыздың 8 кезіндегі түзету
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бұйдаш хан — (Бұйлаш хан, Бойлаш хан, Бойдаш хан, Бублаш хан, Бутлаш хан) (16 ғасыр) — қазақ хандарының бірі (1533 — 1538). Жәнібек ханның немересі, Әдік сұлтанның ұлы, Тайыр ханның інісі. Деректерге қарағанда, 16 ғасырдың 30-жылдарында қазақта бірнеше хан болған: Батыс бөлікте Ахмет хан (Ахмад) хан, орталықта — Тоғым хан және Жетісу аймағында Тайыр хан. Ол қайтыс болған соң (1533), Жетісу өңірінде (деректе Моғолстанда деп жазылған) Бұйдаш хан билікке келеді. Оның 20 — 30 мың адамдай әскері болған.
Бұйдаш ханның билігі қырғыздардың бір бөлігіне де тараған. “Тарихи Рашидиде” Бұйдаш хан 1533/34 жылдан кейін қайтыс болды делінсе, Қадырғали Жалайыр Барақ ханның ұлы Дербіс сұлтанмен соғыста өлді деп жазады. Осы соғыста Әдік сұлтаннан тараған 24 сұлтан қаза табады. Бұйдаш ханның ұрпақтарының тағдыры белгісіз.<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Пайдаланылған әдебиеттер
<references/>