Бұзау телу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бұзау телу - енесі мен төлінің арасындағы байланысты қалыпқа келтіруге бағытталған ғұрыптық шара. Бұзау телу әдетте енесі өліп жетім қалған бұзауға қатысты немесе бұзауынан жеріген сиырға қатысты атқарылады. Қалыптасқан ұйқасты жолдар белгілі әуезді ырғақпен орындалып, малды еліте ұйыту арқылы телінеді. Телінетін бұзаудың жоны мен шонданайына қолаба деп аталатын шоқпарға ұқсас, басы жұмыр, сапты құралдың басына киіз орап, шарананың қалдығын жағады. Сонымен қатар телінетін сиырдың уыз сүтін және тұз ерітіндісін бұзау үстіне бүркіп, сиырдың телді жалауға құмарлығын арттырады. Өзге түліктерде мұндай шаралар басқаша түрде орындалады; құлынды телуде тоқым тарту, қозыны телуде қоздату деп аталатын тәсілдермен жүргізіледі.

Бұзау телу ғұрпы жырының негізгі бөлігі енесіне бағышталып айтылады. Жыр коңыр, баяу ырғақты, біртекті созылыңқы үнмен орындалады, мұнда екіленіп өршелену болмайды. Онда стильдік мәнер жоқтың қасы, бейнелі сөз, мағынасыз қайталаулар жоқ. Жырда хайуанды саналы санап, оған бірде жалынып-жалбарынса, кейде бұйыра сөз айтып, дегенін істеуді талап етеді.

Аухау, аухау, жануар, 
Иеңде сенің бағы бар. 
Тас емшегін жібіткен, 
Тар құрсағың кеңіткен, 
Бұзауың сенің тағы бар. 
Мекіреніп иіскеші, 
Кезің келді сауырлар. 
Бұзауың неткен сүйкімді, 
Келте танау жағы бар. 
Аухау, аухау, жануар. 
Өзіңнен туған балаға 
Қарамасаң, бола ма? 
Елжіретіп жүректі, 
Емізбесең бола ма? 
Саған ақыл айтам деп, 
Алып қалдым қораға. 
Ақылыма көнбесең, 
Дайын түр киіз қолаба. 
Мұндай салсақ қиғылық. 
Аталыққа жолама! 
Зеңгі бабам аруағы, 
Мені салды жораға. 
Аухау, аухау, жануар. 
Аухау, аухау, сиырым, 
Сезімі күшті миының. 
Зеңгі бабам ұрпағы-ең, 
Төркініңе сиындым. 
Шаранаңды сүртейін, 
Былғанса да киімім. 
Аухау, аухау, жануар.

Қырғыздарда алғашқы уыз бен сөздің күшімен арбау ғұрпыбар,торпақты аурудан,ұры мен жыртқыштан қорғап жүреді деп «кылооны» айтып, «мын уйдын башы бол» деп ауылдастарға үлестірген уыздан қалғанын маңдайына шөмішпен жағады. С.М. Абрамзон мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілердің «кылоо-кылоо» деп телитін малшылық ырымдарын мал шаруашылығы культіне жатқызады. Телу ғұрпы мал шаруашылығымен айналысқан көшпелілерге ортақ шара.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұзау телу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}