БҰҰ мыңжылдық декларациясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

2000 жылдың 6-8 қыркүйек аралығында болып өткен саммитте, Бірікккен Ұлтттар Ұйымының штаб-пәтерінде, әлемдік көшбасшылар "Мыңжылдық Декларациясын" қабылдаған болатын және осы құжатты қабылдауға әлемнің 189 елі қол қойған. Мыңжылдық Декларациясының нақты 8 мақсаты бекітілген, бірақ ең маңызды мақсат, ол әлемдегі кедейшілікті жою болып табылады.

  Декларацияның мақсаттары:
  1. Шегіне жеткен кедейшілік пен аштықты болдырмау
  2. Жапрай бастауыш білімді қамтамасыздандыру
  3. Ерлер мен әйелдер арсындағы теңдікке қол жеткізу
  4. Балалар өлімін азайту
  5. Аналардың денсаулығын жақсарту
  6. ЖИТС, АИВ және де басқа да аурулармен күресу
  7. Экологияны жақсарту
  8. Мемлекеттер арсындағы қарым-қатынасты дамыту


Осы мақсаттардың орындалуы жөнінде, БҰҰ бас хатшысы, Кофи Аннан әр жылға есеп өткізіп отырады.
1990-2002 жылдар аралығында орташа табыс көлемі шамамен 21% көтерілген болатын. Кедейшілікте өмір сүріп отырған адамдар саны да біршама азайған болатын. Бір жылда балалар өлімі 1000 жағдайда 103 жағдай кездессе, қазіргі таңда ол жағдай 88 дейін азайған. Ал орташа өмір сүру ұзатығы 63 жастан 65 жасқа дейін ұзарған.


Ұйымның бас хатшысы К.Аннанның баяндамасында, үш ірі міндет аталды, олардың шешілуі әлемді болашақта жарқын өзгерістерге жетелейді: кедейшіліктен немесе мұқтаждылықтан құтылу және адамды қоршаған табиғатты аман сақтап қалу. Бұл принциптерді іске асыру бүкіл халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді.