Бүрме (тәсіл)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бүрме - етті жас күйінде сақтаудың тәсілі. Қой және ірі малды күздің соңына қарай суық түскен кезде сойып, етін өз терісіне бүріп тастайды. Оған ауа кірмеуі керек. Бүрмені тұздап та, тұздамай да сақтай береді. Күзде жасалған бүрме қыс ортасына немесе соңына дейін жас күйінде сақтау үшін жасалатын қам. Бүрмеге бүрілген етті жіліктеп бөліп те немесе санын сандай, қолын қолдай да тұтас бүре береді. Халық тұрмысында бүрмені ашу, бастау да өзіндік оқиға, жаңалық болып табылады. «Пәленшеке бүрме бастапты» дегеннің өзі иесі үшін мәртебе, көршілер үшін сәтті күн. Одан дәметудің ешқандай ерсілігі жоқ. Оған «құтты болсын» да айтылады, ауыз тигізу де парыз. Мал етін жас қалпында, сүрлемей сақтаудың тағы бір жолы жылқыны бауыздап, ішек-қарнын алады да, қайта тігіп, терісін де алмай қалың жауып тастайды және оны ашпайды. Бүтіндей емес біраз бөлігін, яғни бір санын ғана бүрмелеп сақтау тәсілдері де бар. Оны көкек, наурыз кезінде ашып, жаңа соғым сойғандай жіліктеп алады, осылайша жас ет жегендей болады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүрме (тәсіл)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}