Бүркіт ата

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіт ата Ақботатегі — 18 ғасырдың 2-жартысы мен 19 ғасырдың бас кезінде өмір сүрген би, көріпкел, әулие. Бүркіт ата қазақ руларын Маңғыстауға бастап келген рубасылардың бірі, қазақтар мен түрікмендер арасындағы бейбіт қатынасты реттеуші мәмілегер. Мешіттер мен медреселер санын көбейтіп, халықтың сауаттануына ықпал еткен ағартушы-пірадар ретінде есімі елге кең тараған. Бозащы шөлінен шыңырау құдықтар қаздырып, ауызсу мәселесін шешуге ұйытқы болған. Бүркіт ата туралы аңыздар көп. Оның бейбіт сыртқы саясатын ұрпақтары Ерназар би, Мұса молда, Сәтімен жалғастырған. Молда Мұса Ерназарұлы — 1832 ж. Маңғыстаудың табиғатын барлап, Қызылтас қамалын салдырған саяхатшы, зерттеуші Г.С. Карелинмен келіссөз жүргізген ақсақалдардың бірі.<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркіт ата|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}