Бүркітші

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

21:20, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бүркітші - жазушының әңгімесі. Алғаш 1937 ж. «Әдебиет майданы» журналының 8-9-сандарында шыққан. Осы жылы И. Шуховтың аударуымен «Литературный Казахстан» журналының 11-12-сандарында басыдцы. 1938 ж. Ә.Тәжібаев құрастырған «Әдебиет хрестоматиясында», 1940 ж. «Песни степей» жинағында, 1942, 1944, 1946 ж. Ш. Кәрібаев шығарған «Әдебиеттік оқу кітабында», 1951 ж. «Песни казахских степей» жинағында, 1957 ж. жазушының 6 томдық шығармапар жинағының 6-кітабында жарық көрді. Бірнеше тілдерге аударылған. Дүркін- дүркін басылып тұрғанмен, өзгеріске аз ұшыраған. Ептеген өзгерістер жазушының 12 томдық шығармалар жинағының 2-томында берілген осы әңгіменің түсінігінде керсетілген. Жазушы мұражайының қолжазба қорындағы (ЛММА, №59-папка) әңгіменің тақырыбы - «Бүркіт аңшылары». Қолжазба нұсқадан 70 жолдай мәтін кітапқа шыққан басылымдарға кірмей қалған. Ұ. 1925 ж. «Таң» журналында «Бүркіт аңшылығының суреттері» атты әңгіме шығарған болатын. Ол әңгімеде таза бүркіт аңшылығы суреттелген. Сюжет ширығуы Бекбол мен бір кезде ол қызмет еткен бай Сетбектің тауда кездесіп қалып, тұтқын болуынан басталған. Әңгіменің соңына қарай Бекболдың амалын тауып, өзі жайында белгі беруінен бастап, досы Александр бастаған қызыл әскерлердің бандыдан құтқаруы, әңгіменің финалы очерк стилінде жазылған. Жазушы шығарманың соңын «иіп әкеп», идеологиялық талаптарға ыңғайлаған. Әңгіменің аяғында «Бекбол Апександрмен бірге конституцияны да, сайлау заңын да мықтап талқылап ұғынып шықпаққа сөз байлаған. Екі дос та, бұны әсіресе ұлы зор міндет үй бітіреді. Бүркіт]] аңшылығының әдемі суреттерімен қатар 30-жылдар баспасезіне тән әдемі, тік баяндаулар қатар кездеседі.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Бүркітші - бүркітті баптап, аң аулауга үйрететін адам. Бүркіт ұстаудың екі жолы бар: бірі — балапанынан ұядан алып, қолдан баулу. Ондай бүркітті "қолбала" дейді. Екіншісі — бүркітті тағы күйінде ұстап үйрету. Бұлар — тірнек, тастүлек, мұзбалақ сықылды түз құстары. Балапанды баулу тәсілі мынадай: Бүркітші балапанды жемдей жүріп, шақырып үйретеді. Тұғырға отыруға жарасымен томаға кигізіп, балақ бау тағып, қолға қондыра бастайды. Ұшуға жараған соң, етке қант бүркіп, оны қоян, түлкі, қарсақ сияқты аңдардың терісіне орап, шыжыммен сүйретіп жүріп жегізеді, мұны "шырға тарту" дейді. Жас бөлтірік, кежек, түлкінің күшігі сияқты әлсіз аңдарды тірідей шоқытып ауыздандырады. Мұны құсты "аңға баулу" деп атайды. Ал түз құсын бынай үйретеді: алдымен оны томағалайды да, ырғаққа (бос керген арқанға) отырғызады. Үйқыдан қалжырап, шаршап шыққан тағы бүркіт бірнеше күннен кейін ырыққа көніп, жем тартады, үйір бола бастайды, шақыруға келетін болады. Бүркітшілер түз құсын 50-60 күннен кейін ұшырып, ұсақ аң алдырады. Аңға салынатын бүркіт біршама қоңды, жемге шабынты, сергек күйде болу керек. Сондықтан әр бүркіттің тегіне, қырандығына, мінезіне, жасына қарай әр жағдайда берілетін жемдері болады. Мысалы, "қан соқта", "жылы-жұмсақ", "қызыл", "тоят" деп аталатын жемдер семірту үшін, сондай-ақ түлекке отырғызғанда, құстың еті төмендеп кеткен кезде беріледі. "Тартпа", "толарсақ" дейтін жемдер бүркітті ширықтыру үшін берілсе, "сарбөртпе" (турап алып, 1-2 рет суға шайған ет) құстың етін бір қалыпты ұстау үшін, "ақ жем" (тұралған, суға сығымдап қансөлін алған ет) құстың етін төмендету және ашқарақтануы үшін беріледі. Бүркітшінің түлекті осыңдай түрлі жеммен баптауын "қайыру" дейді. Қайыру кездерінде бүркітке мұсатыр жұтқызып, ішін шаю, аршаның бүрін буып жұтқызын, қоялату, мұз жұтқызып, бойын салқындату сияқты, т.б. әдістері де болады. Наурыз-сәуір айларынан бастап Бүркітші құсты тойғыза жемдеп түлекке отырғызады. Бүркітші бүркіт адатын аңдардың жатағын, өрісін, ізін білетін байқампаз да болады. Адға шығарғанда Бүркітшінің жанында аяқ бау, балақ бау, тұғыр, балдақ, томаға, сапты аяқ, биялай, жеңсе бұрау (түлкі бұрайтын айыр бас шыбық), жем қалта, шыжым, пышақ, ине, тарамыс, бөлеу (бүркіт бесігі) сияқты дәнекер жабдықтары болады. Бүркітші саятшылыққа көп кісі жиналып шықса, оны "салбауырынға шығу" дейді.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref><ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүркітші|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}