Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:16, 2015 ж. тамыздың 4 кезіндегі Салиха (Талқылауы) істеген түзету

БүкілРесейлік Мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы - Ресейдегі ірі және Еуропадағы мемлекеттік жетекші телерадиокомпанияның бірі. <ref>Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. ISBN 978-601-03-0070-57.</ref>.

Тарихы

Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия және радио хабарларын тарату компаниясы (БМТРК) 1990 жылы құрылды, 1993 жылы жалпымемлекеттік телерадиокомпаниясы құқығына ие болады. Оның құрылымына РТР телеарнасы және Ресей радиосы кіреді.

РТР телеарнасы

РТР телеарнасының Ресейдегі көрермені 45 млн адам, ал бұрынғы КСРО елдері мен алыс шетелдерде 25 млн. адам. РТР телеарнасының хабарлары сағаттың белдеулеріне сай бес аймаққа беріледі: Ресейдің Еуропалық бөлігі, Батыс Сібір, Шығыс Сібір, Қиыр Шығыс және Якутия, Чукотка және Камчатка.

БТРМК компаниясы

БТРМК компаниясы Еуропа хабар тарату одағының мүшесі. РТР және Ресей радиосы телеарнасынын басты міндеті Ресей азаматтары мен одан тыс елдердегі орыс тілді тұрғындардың ақпараттық және мәдени қажеттілігін қамтамасыз ету. Ресей телевидениесі үшін басымдылық ақпараттық, қоғамдық-саяси, көркем дүниелер мен балалар бағдарламасы болып табылады. БМТРК хабар таратушы және өндіруші ipi компания. Телеарнаның негізгі бағдарламаларын компанияның өз шығармашылық бөлімшелері дайындайды. БМТРК төрағасы — Н. Сванидзе.

Дерекөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}