Бүктемелі семсер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүктемелі семсер - ауыз әдебиетіндегі мифтік қаһармандардың ерекше семсері. Қазақтың батырлық ертегілерінде бүктемелі семсер өте иілгіш, бүктеп, жасырып алып жүруге ыңғайлы, жазылғанда өз қалпына қайта келетін, өте ұзын кесу қаруы түрінде сипатталады. Батырлар оны бірнеше рет бүктеп, қолтығының немесе табанының астына салып алып жүреді. Өткен ғасырларда Шығыс халықтарында баскиімге тығып немесе белге орап жасырып алып жүретін, басы солқылдақ иілгіш болып соғылған семсерлер болған, ондай қару түрін қазақтар да қолданған. Ертегілерде айтылатын ғажайып қару түрі - бүктемелі семсерге осындай жасырын алуға жүретіндей, болаттан иілгіш етіліп соғылған кесу қаруының ерекше типі негіз болған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бүктемелі семсер|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}