Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бітеу сою"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Бітеу сою - мес, тұлып жасау немесе қыл жібермей таза сою үшін малдың терісін бүтін сылу, іреу тәсілі. Мал бауыздалғаннан кейін, әдеттегі мал сойғандай теріні ортасынан екіге жара кеспей, басын, төрт сирағын буынынан кесіп, теріден ажыратып алып тастап, артқы бір сирақ буынының ішкі жағынан шабын бойлата, екінші артқы сирақ буынының ішкі жағына қарай түзулеп тіліп алады. Одан ары сирақ айналасы теріден ажыратылып, екі тірсегін тесіп көлденең жұмыр ағаш өткізіліп, ағаш ортасынан жіп бекітіліп, бақанға немесе белағашқа көтеріліп байланады. Ендігі кезекте сирақ теріден шапқа дейін толығымен сыдырылып, кұйрығына май жібермей пышақ көмегімен шығарып алғаннан кейін, терінің іш жағын сыртына айналдырып отырып, ет жібермей пышақпен, қолмен іреп мойнына дейін толығымен сыпырып алады. Артқы тесігі жоқ «бітеу болып туған» төл өлгенде терісін бітеу сойып, терісінен долық деп аталатын ғұрыптық ыдыс жасаған.

Бақсылардың ғұрыптық киімі саналатын бөрікті жасау үшін аққудың терісін бітеу сойып дайындаған. Аң терісін ғұрыптық мақсатта пайдаланудың осы тектес бір мысалын «Қамбар батыр» жырының төмендегі жолдарынан көруге болады:

...Патшадан пәрмен болған соң 
Келмембет мінді атына 
Бітеу сойып аққудың 
Терісін киді басына 
Жөнеліп кетіп барады 
Қырық жігіт ертіп қасына...

Бұл жолдардан бақсының аққу терісінен киім киетіні сияқты ырым-жоралғылық мәнге ие құбылысты аңғаруға болады.

Әртүрлі ахуалдарға сай пайдалану үшін аң, мал терілерін бітеу сойып алады. Мысалы, аңшылықта, саятшылықта шырғаға пайдаланатын қоян, түлкіні терісімен бітеу сойып пайдаланады. Сондай-ақ інген, бие, сиырдың туа сала төлі өлген жағдайда оны бітеу сойып, ішіне қоға, шөп тығып тұлыбын жасап, сауар алдында иіту үшін иіскетіп алады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бітеу сою|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}