Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:33, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар Ісі Жөніндегі Жоғарғы Коммисарының Басқармасы (БЖКБ) — босқындар мен мұғажырларды (қоныс аударушыларды) қорғау ісін жүзеге асырып, әлеуметтік мәселелерін құқықтық тұрғыдан реттеумен айналысатын халықаралық ұйым. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1949 ж. 3 желтоқсандағы ғ319 (ІV) қарарына сәйкес құрылды (1951). Штаб-пәтері Женева қаласында. <ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Басқармаға БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары жетекшілік етеді. Ол БҰҰ-ның Бас хатшысының ұсынысы бойынша 3 жылдық мерзімге сайланады. Басқарманы құру туралы қарарда Жоғарғы комиссардың саяси сипаты бар жұмыстар істеуге тиіс еместігі айрықша атап көрсетілген. Ол босқындар бассауғалап келген мемлекеттің келісімімен сол елде өзінің өкілдігін аша алады. Жоғарғы комиссар Экономикалық және әлеуметтік кеңес арқылы жыл сайын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына өз қызметі туралы есеп береді. Басқарманың әкімш. шығындарына БҰҰ бюджетінен қаржы бөлінеді, ал Жоғарғы комиссардың қызметіне байланысты шығындары ерікті жарналар есебінен өтеледі. 1995 ж. тамызда Қазақстанда осы басқарма өкілдігі ашылып, нақты шаралар бойынша Үкіметпен бірлесе жұмыс істеуге кірісті. Әсіресе, көші-қон легін халықар. стандарттарға сай реттеу бағытында мемл. органдарға жан-жақты көмек көрсете бастады. 4 жыл ішінде республикаға келген 3927 босқын (1588 отбасы) тіркеліп, олардың 2780-іне (935 отбасына) көмек көрсетілді. Басқарманың қамқорлығымен Чехиядан келген 90 босқын отанына қайтарылды. Қазіргі кезде басқарма өкілдігі Қазақстанда маңызды жобаларды жүзеге асыруда; солардың бірі — Ауғанстаннан келген, ұлты қазақ 1500 мұғажырды (Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан аумағына) қоныстандыруға бағытталған шара. Жобаның бастапқы сатысы — ауыз сумен қамтамасыз ету, бастауыш мектеп салып, 60 тұрғын үй құрылысына қажетті материалдармен жабдықтау, ал екінші сатысы — қазақстандық Қызыл Крест және Қызыл Ай қоғамымен бірлесе отырып, босқындардың ең кедей топтарына материалдық жәрдем беру жұмыстарын қамтиды. <ref name="source1"/>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}