Біріккен химиялық компания

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Organization Біріккен химиялық компания — «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат Қоры» АҚ-ның директорлар кеңесінің 2008 жылғы 28 қарашадағы шешімімен 2009 жылы құрылған қазақстандық мемлекеттік компания, химия саласы бөлігінде Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының негізгі операторы. Қазіргі уақытта Біріккен химиялық компаниясы бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруда, олардың арасында бар және жаңғырытылып жатқан өндірістер де, елдің химия өнеркәсібі саласындағы Қазақстан үшін жаңа кәсіпорындар да бар. Өндірілетін өнім алтын өндіретін саланы, ауыл шаруашылығын және т.б. қоса алғанда, экономиканың түрлі салалары үшін арналған.

Компания қызметінің шеңберінде жұмыс істейтін қазақстандық химия кәсіпорындарын және химия өнімдерінің 20 астам жаңа түрлерінің өндіріс ұйымдарын жаңғырту бойынша шаралар қолданылады; қосылған құны жоғары жоғары технологиялық, экспортқа бағдарланған және инновациялық өнімдерді шығаруға бағытталған бәсекеге қабілетті химия өнеркәсібін дамыту; Қазақстанда бұрын өндірілмеген өнімдерді – натрий цианидін, калий сульфатын, полипропиленді және пропиленоксидін, глифосатты, кальций хлоридін, полиэтиленді, поливинилхлоридті, бетонға арналған суперпластификаторларды, май қоспаларын, флотореагенттерді және т.б. өнімдерді шығаруға арналған жобаларды ретке келтіру.

Тарихы

2008 жылғы 13 қазанда Қазақстан үкіметінің кеңейтілген отырысында Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлей отырып, химия саласындағы жобалармен айналысатын арнайы компанияны құру» тапсырмасын берді<ref name=nazarbaev>Үлгі:Cite web</ref>. «Самұрық-Қазына» қоры президенттің тапсырмасын орындау үшін химия өнеркәсібіндегі жетекші мемлекеттік оператор болған Біріккен химиялық компаниясын (БХК) құрды. БХК алдына қойған мақсаттары арасында саладағы мемлекеттік активтері шоғырландырылды және оны әрі қарай дамытуды ынталандырды. Басым жобалар арасында – қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау, Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, полимерлі өнім өндірісі, «Тараз» химиялық компания» АЭА құрылысы және т.б.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:Atyrau GazChem-4.jpg
Атырау облысындағы полимерлі өнім өндірісі бойынша кешен құрылысы

2011 жылғы ақпанда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Қытай «Эксимбанкі» арасында Атырау облысындағы<ref>Үлгі:Cite web</ref> интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы жобасының бірінші фазасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды. 2011 жылы полимерлік өнім өндірісі бойынша газ-химия кешенінің құрылысы басталды. Жобаның бірінші фазасы бойынша (полипропилен) жұмыс шеңберінде жобаның бірінші фазасын қаржыландыру туралы кредиттік келісім жасалды, инфрақұрылым объектілерін жобалау аяқталды, инфрақұрылым объектілері бойынша құрылыс жұмыстары жалғастырылды, негізгі технологиялық қондырғыларды және ішкі алаңдық желілерді жобалау бойынша жұмыс басталды, жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленді. 2011 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бакпен ресми кездесу барысында жобаның екінші фазасын бірлесіп іске асыру мақсатында қазақстандық және кореялық тараптар арасында «KLPE» ЖШС бірлескен кәсіпорны туралы келісімге қол қойылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Жобаның (полиэтилен) екінші фазасы шеңберінде жобаның екінші фазасы бойынша жобалық компания қатысушыларының құрамына кіретін стратегиялық әріптесті («LG Chem Ltd.») таңдауды жүзеге асырды, техникалық-экономикалық негіздемесін жаңарту аяқталды.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Сурет:SKZK-3.JPG
Степногорсктағы күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау

2011 жылғы «Қазатомөнеркәсіп КҚЗ БК» ЖШС және Еуразиялық Даму Банкі арасында Ақмола облысындағы (Степногорск) өндірістік қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын реконструкциялау жобасын қаржыландыру үшін кредиттік шартқа қол қойылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

2011 жылдың 30 қыркүйегінде Химия өнеркәсібінің Еуропалық кеңесінің Бас Ассамблеясында (CEFIC) CEFIC ассоцияланған компания мәртебесін алуға «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның өтінішіне қатысты оң шешім қабылданған болатын.

2012 жылы жобалар бойынша жұмыстар жалғастырылды:

  • наурызда «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы – 2-фаза (полиэтилен)» жобасын қаржыландыруға қатысты корея экспорттық-кредиттік агенттіктерімен («K-SURE» және «K-EXIM») Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды;
  • наурызда БХК «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы – 2-фаза (полиэтилен)» жобасының операторы – «KLPE (КейЭлПиИ)» ЖШС (бұдан әрі — «KLPE» ЖШС) қатысушыларының құрамына кірді;
  • сәуірде БХК «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-дан «KPI Inc.» ЖШС-ында қатысу үлесінің 51% сатып алды (2009 жылғы қазаннан бері – Компанияның сенімгерлік басқаруында)<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
  • мамырда БХК және «Jurong International Holding Pte» компаниясы » (Сингапур) арасында Қазақстан Республикасындағы химиялық технопарктерді басқару бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
  • мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Ғылыми-технологиялық ынтымақтастық және химия өндірісі үшін мамандарды дайындау туралы меморандумға қол қойылды.
  • шілдеде мамандандырылған инжирингтік компания «БХК Инжиниринг» ЖШС құрылды.
  • қыркүйекте БХК «Полимер Продакшн» ЖШС қатысушыларының – Атырау облысындағы полимерлік өнімдер өндірісінің жоба операторы құрамына кірді;
  • қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен «Тараз химиялық паркі» Арнайы экономикалық аймақ құрылды<ref>Үлгі:Cite web</ref>;
  • желтоқсанда «ХИМ-плюс» ЖШС – үшхлорлы фосфор, каустикалық сода, хлор және глифосат өндірісінің жобалар операторы құрылды.

2013 жылы компания қызметінің негізгі түрі инвестициялық қызмет болды, оның шеңберінде БХК мынадай жобаларды басқаруды жүзеге асырды:

  • Ақмола облысындағы қуаты жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытының реконструкциясы. Реконструкция шеңберінде құрылыс-монтаждық жұмыстар жүргізілді, Десмет Баллестр негізгі технологиялық жабдығын жеткізу аяқталды, буды кәдеге жарату– энергия кешенін қондыру проблемасы шешілді.
  • Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Бірінші фаза (полипропилен): кіреберіс автожолының құрылысы аяқталды; трансформаторлық станцияның іргетасы бойынша жұмыстар аяқталды, порталдар тұрғызылды; тігінен жоспарлау аяқталды.
  • Атырау облысында интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы, Екінші фаза (полиэтилен). корея және еуропалық экспорттық-кредиттік агенттіктер қаражаты есебінен қарыз қаражатын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
  • Атырау облысындағы полимерлік өнімдер өндірісі. ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды; мердігерлерді жұмылдыру жүргізілді: вахталық кент ұйымдастырылды; құрылыс жұмыстары жүргізілді, жер жұмыстары аяқталды; темірбетон тіреуіштерін орнату жүргізілді; ПГС қондыру орындалды; қиыршық тас негізінің қондырғысы, бетондық дайындық бойынша жұмыстар орындалды; құрылыс материалдары әкелінді.
  • Глифосат, үшхлорлы фосфор, каустикалық сода және хлор өндірісі: заң жөніндегі консультант айқындалды, «БХК Инжиниринг» ЖШС компаниясымен 0 Кезеңде Жобаларды басқару жөніндегі консультациялық қызметтерді көрсету шарты жасалды; «Каустикалық сода және хлор өндірісі», «Үшхлорлы фосфор өндірісі» және «Глифосат өндірісі» жобаларының ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды; ЖСҚ шеңберінде дайындық жұмыстары басталды, өндіріс технологиясының лицензиарларымен және жеткізушілерімен келіссөздер жүргізілуде
  • Инжинирингтік қызметтерді көрсету: химия өндірістерін жобалауға, III санатттағы жобалық қызметті жүзеге асыруға, мұнай-химия өндірісін жобалауға, қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды және қызметтерді орындауға лицензиялар алынды.

2013 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын құру» жобасын іске асыру шеңберінде «Тараз химиялық паркі» АЭА Басқарушы компаниясы» АҚ құрылды. АЭА құру мақсаты — қимия өнімдерінің импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірісіне ивестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, жоба мақсатына химия өнеркәсібін дамыту және қолдау, атап айтқанда, әлемнің жетекші компанияларын тарту жолымен қазіргі заманғы, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану арқылы қосылған құны жоғары химия өнімдерінің өндірісі кіреді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Басшылық

Біріккен химиялық компаниясының Байқаушы кеңесіне кіреді:

  • Ердебай Даурен Иманжанулы — «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Байқаушы кеңесінің Төрағасы;
  • Салимгереев Малик Жанабайұлы — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның басқарушы директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі;
  • Пирогов Алексей Георгиевич — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның индустриалды активтерін басқару директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі;
  • Мыншарипова Сая Найманбайқызы — «Самұрық-Қазына» АҚ-ның аудит және бақылау департаментінің директоры, «Біріккен химиялық компания» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.

Серіктестік Басқармасына кіреді:

  • Омаров Асхат Асанұлы — «Біріккен химиялық компания» ЖШС Басқармасының Төрағасы;
  • Крылова Татьяна Николаевна — «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның БасқармаТөрағасының орынбасары;
  • Өсербай Жеңіс Алибекұлы — «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның БасқармаТөрағасының орынбасары;
  • Аманкабжан Алмат Аманұлы — басқарушы директор — «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның Басқарма мүшесі;

Еншілес тәуелді компаниялар

  • «Тараз химиялық паркі арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы» АҚ 2012 жылғы қарашада Президент Жарлығына сәйкес құрылды. АЭА құру мақсаты — қимия өнімдерінің импортты алмастыратын және экспортқа бағдарланған, жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірісіне ивестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау. Сонымен қатар, жоба мақсатына химия өнеркәсібін дамыту және қолдау, атап айтқанда, әлемнің жетекші компанияларын тарту жолымен қазіргі заманғы, экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану арқылы қосылған құны жоғары химия өнімдерінің өндірісі кіреді.
  • «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы» жобасының (бұдан әрі –Жоба) операторы болып табылады және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы №101 Қаулысы негізінде құрылды.
  • «KAZGOLD Reagents» ЖШС құрамында алтын бар кендерді байыту үшін алтын өндіретін компаниялар негізінен қолданатын натрий цианидін жылына 25 мың тонна өндіруді ұйымдастыру мақсатында 2013 жылғы қазанда құрылды.
  • «KLPE» ЖШС Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Атырау облысындағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылысы – Екінші фаза (полиэтилен)» жобасын (бұдан әрі – Жоба) іске асыруды жүзеге асыруда. Жоба кейіннен ішкі және сыртқы нарыққа өткізу үшін қосылған құны жоғары мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне арналған бастапқы шикізат ретінде Теңіз кен орындарынан бар үлкен газ көлемін қолдану мақсатында Қазақстан Республикасының мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың 2008-2013 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.
  • «БХК Инжиниринг» ЖШС 2013 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде құрылды. «БХК Инжиниринг» ЖШС «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның еншілес ұйымы болып табылады және «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ-ның компаниялар тобына кіреді, мамандандырылған инжинирингтік компания болып табылады. Компания жобаларды басқару жөніндегі сараптамалық және консалтингтік қызметтерді ұсынады. Сондай-ақ компания қызметтерінің кең спекторына: техникалық аудит, өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу, маркетингтік және қаржы-экономикалық талдау кіреді. Компания негізгі қызметін Қазақстан экономикасының химия және мұнай-химия, мұнай-газ, энергетика басым салаларында жүзеге асырады.
  • «Полимер Продакшн» ЖШС «Біріккен химиялық компания» ЖШС-ның еншілес ұйымы бола отырып, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» АҚ компаниялар тобына кіреді. Қазіргі уақытта «Полимер Продакшн» ЖШС «Атырау облысындағы полимерлік өнімдер өндірісі» инвестициялық жобасын іске асырады.
  • «Қазатомөнеркәсіп» күкірт қышқыл зауыты» ЖШС. Жобаның негізгі мақсаттары: «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ-ның уран өндіретін кәсіпорындарын күкірт қышқылымен қамтамасыз ету; Каспий өңіріндегі экологиялық жағдайларға теріс әсер ететін күкіртті қайта өңдеу проблемаларын шешу; Қазіргі заманғы технологияларды қолдану арқылы күкіртті қайта өңдеу жолымен Қазақстан Республикасының солтүстік өңірлерінде химия өнеркәсібін дамыту;
  • «ХИМ-плюс» ЖШС 2012 жылғы 7 желтоқсанда Астана қ. өткен «Біріккен химиялық компания» ЖШС және «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС құрылтайшыларының жалпы жиналысында құрылды. «ХИМ-плюс» ЖШС қызметінің мақсаты «Глифосат (гербицид) өндірісі», «Каустикалық сода және хлор өндірісі» және «Үш хлорлы фосфор өндірісі» инвестициялық жобаларын іске асыру болып табылады.

Дереккөздер

Үлгі:Reflist