Біртұтас экономикалық кеңістік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

20:08, 2013 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Addbot (Талқылауы) істеген түзету

2003 жылғы 19 қыркүйекте Беларусь, Қазақстан, Ресей және Украина президенттері Біртұтас экономикалық кеңістікті құру туралы Келісімге келіп, оның Тұжырымдамасына қол қойды. Ол Достастық кеңістігінде экономикалық интеграцияның жаңа оңтайлы жолдары мен тәсілдерін қарастырудың нәтижесінде жүзеге асырылды. Осылайша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі – ТМД) елдері Жалпы ішкі өнімінің 90% үлесіне ие экономикалық дамыған 4 ТМД мемлекеті интеграцияның жаңа сапалы әрі жоғары деңгейіне көшу туралы шешім қабылдады.

Қол қойылған құжаттар тек экономикалық сипатқа ие. Олар инфрақұрылымдық жүктемені төмендетуге бағытталған. Ал бұл өз кезегінде ортақ кеңістікте тауар өндірушілердің өзара қарым-қатынасын жеңілдетіп, бәсекелестік қабілетін көтереді. Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру туралы келісімде және Тұжырымдамасына енген интеграциялық үлгі әлемдік экономиканың қазіргі заманғы талабына жауап беріп, әлемдік шаруашылықтың ғаламдану үрдісіне енеді.

Ресми құжаттар

Біртұтас экономикалық кеңістікті (бұдан әрі – БЭК) қалыптастыру туралы келісім 2004 жылғы 20 мамырда заңдық күшіне енді.

Президенттердің 2003 жылғы 23 ақпандағы мәлімдемелеріне сәйкес БЭК-ті құру бойынша Жоғары деңгейдегі топ құрылды (ЖДТ).

Жоғары деңгейдегі топтың міндетіне тауарлардың, капиталдың, қызмет көрсетудің және жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз етуге және экономиканың әртүрлі саладағы мемлекеттік Заңнамаларын үйлесімдендіруге бағытталған, құжаттарды, тетіктерді және институттарды дайындау кіреді.

Осыған орай БЭК-ті қалыптастыру жөніндегі негізгі шаралар кешені (құжаттар 22 бөлім мен 116 шарадан тұрады), техникалық тапсырма, сонымен бірге жұмыс жоспары дайындалып бекітілген.

Құжаттар өзара қарым-қатынастың негізгі бағыттарын - кедендік- тарифтік реттеуден жеке тұлғалардың қозғалыс еркіндігін қамтамасыз етуге дейінгі басты бағыттарды анықтайды.

ЖДТ-да (жоғары деңгейдегі топ) Қазақстан тарапын 2006 жылғы қаңтар айынан бастап ҚР сауда және индустрия министрі В.С.Школьник басқарады.

Жоғары деңгейдегі кездесулер

2004 жылы 24 мамырда Ялтада БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының саммиті болып өтті, онда «төрттік» басым бағыттағы келісімдерді дайындауға баса назар аударды. Әр тарап ұлттық экономикалық мүдделерді есепке ала отырып, бұдан әрі ынтымақтастық туралы пікірлерін айтты. Украина әр түрлі салада ортақ жобаларды жүзеге асыру (көлік, отын -энергетикалық кешендер) және ең алдымен еркін сауда аймағын құрайтын құжаттарды дайындауды ұсынды. Ресей, өз кезегінде, ағымдағы күрделі аспектілерді екіжақты түрде шешу және қызмет пен капитал нарығына қол жеткізу тәртібін ырықтандыруды ұсынды. Қазақстан кедендік және көлік одақтарын құруды ұсынды. Осыған байланысты президенттер ЖДТ-қа (жоғары деңгейдегі топ) бірінші кезектегі құжаттарды дайындауды тапсырды.

2004 жылы 15 қыркүйекте Астанада «төрттіктің» мемлекет басшылары БЭК құру туралы келісімді одан әрі дамытуға бағытталған шешім мен мәлімдеме қабылдады. Осылайша, бірінші кезекте қол қойылуға тиісті 29 халықаралық-құқықтық және т.б құжаттардың тізімі бекітілді. Сонымен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап тауарды өзара сатуда тағайындалған ел бойынша қосымша құн салығын салудың ортақ принциптеріне көшу туралы келісімге қол жеткізілді. БЭК мүше мемлекеттің ішкі шекаралары арқылы жеке тұлғалардың қозғалысын жеңілдету мәселесі бойынша ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) сәйкес келісімдерді дайындау тапсырылған.

2005 жылғы 27 тамызда Қазанда БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшылары жаңа мәлімдемеге қол қойды. Онда ЖДТ-ға (жоғары деңгейдегі топ) 2005 жылдың 1 желтоқсанына дейін 29 келісімнен тұратын құжаттардың 1-ші пакетін қол қоюға дайындау және 2006 жылдың 1 наурызына дейін интеграциялық үрдістердің тереңдеуіне бағытталған 15 құжаттан тұратын 2- пакеттің дайындығы туралы баяндау тапсырылды. Сонымен бірге украиналық тарап өзінің ұйымға қатысу сатысын ДСҰ (Дүниежүзілік сауда ұйымы) нормалары мен ережелерін есепке ала отырып, әр түрлі деңгейлі және әр түрлі жылдамдықты интеграция принципіне сүйене отырып анықтайды делінген.

2006 жылғы 18 мамырда Минск қаласында өткен Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі Жоғары деңгейдегі тобының кезекті мәжілісі барысында 2005 жылдың 27 тамыздағы Қазан қаласындағы БЭК-ке қатысушы мемлекеттер басшыларының Мәлімдемесін іске асырудың мәселелері талқыланды.

Келісімдер

Бірінші кезектегі келісімдер пакеті бойынша (38 келісімдер пакеті), үш мемлекет форматы (Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы) бойынша қол қоюға 24 келісім дайындалды, оның ішінде Украинамен бірге төрт мемлекет форматы бойынша – 8 келісім дайындалды.

БЭК Комиссиясы туралы келісімнің жобасын талқылау барысында дауыстарды бөлу мен шешімдерді қабылдау рәсіміне байланысты кереғар пікірлер болды: ресейлік тарап шешім қабылдау кезінде 2/3 бөлікті басым көпшілік қағидатын ұстанса, қазақстандық және беларустік тараптар мәмлеге келу (консенсус) принципін ұсынды.

БЭК шеңберінде дауларды шешу жөніндегі органды құру туралы келісім жобасы бойынша қазақстандық тарап ескертулер мен ұсыныстар айтты, осыған байланысты, беларус және ресейлік тараптарға мемлекетішілік келісу рәсімдерін жеделдету ұсынылды.

БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының жүріп-тұруы еркіндігі туралы келісім жобасы бойынша. БЭК қалыптастырудың ЖДТ (жоғарғы деңгейдегі тобы) жұмыс отырысының қорытындысы бойынша (2006 ж., 18 мамыр, Минск) украиндық тарап ұсынысымен Келісім аты «БЭК-ке қатысушы мемлекеттер азаматтарының еркін жүріп-тұруы туралы келісім» болып өзгертілді.

Тараптардың сарапшыларымен Келісімнің мәтініне қосымша өзгерістер енгізілді және келісімге қол қоюдың үкіметаралық деңгейі айқындалды.

Ресейлік тарап, сондай-ақ, БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар енгізді.

Беларус, Қазақстан және Украина тараптары талқылау барысында ресейлік тарапқа мәжіліс кезінде тараптар жасаған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, өз ұстанымын пысықтауды ұсынды.

Қазіргі кезеңдегі ахуалы

Қазіргі уақытта БЭК-ке қатысушы мемлекеттердің шекаралары арқылы азаматтардың және көлік құралдарының қозғалысын бақылау рәсімін жеңілдету тәртібі туралы келісімнің жобасы Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарына мемлекетішілік келісуден өтуде. Мемлекетішілік рәсімдер аяқталған соң Келісім жобасы белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізіледі.

Осы кездесулердің қорытындысы бойынша, бірінші кезектегі келісімдердің пакетін қол қоюға дайындау бойынша қажетті рәсімдердің бәрі аяқталған жағдайда Жоғары деңгейдегі топ мемлекет басшыларына ЕурАзЕҚ-тың Мемлекетаралық кеңесін өткізу барысында (2006 ж., 23-24 маусым, Минск) осы келісімдердің қол қоюға дайын екендігін хабарлайды.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}en:Eurasian Economic Community#Common Economic Space