Білге қаған

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:02, 2017 ж. сәуірдің 20 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Бiлге қаған (Үлгі:Lang-yen; Үлгі:Lang-zh — Бике кыхан, Могилян) (683—734) — Түрік Елінің 717734 жж. билік құрған қағаны.

Ол 683 ж. Орхон өзенi бойындағы Өтүкенде туған. Құтлық қағанның (Елтерістің) үлкен ұлы, Күл-тегіннің ағасы. Шешесі Елбілге қатұн. «Ашина» текті.

Түрiк Елінің бiрегей тұлғасы атанған ол iнiсi Күлтегiнмен бiрге елдің қамы, жердің тұтастығы үшін күресіп, көшпелiлер тарихында ұлы империяның іргесін бекітті. Ол күллi көшпелiлер империясының тұғырын сомдап, түрiк тектес этностардың бiрлiгiн сақтай отырып, елдiң мұңы, жердiң қамы үшiн «түнде ұйықтамай, күндiз отыра алмай» күресті.

Бiлге қаған 9 жас кезiнде әкесi Құтлық (680692 жж.) қайтыс болады. Түрік Елінің тағын оның iнiсi Қапаған (Қабаған) (692—716 жж.) иеленеді.

Қапағанның iнiсi Бөгүден (716 ж.) кейiн таққа отырған Бiлге қаған 19 жыл билік етеді. Бiлге қаған 13 жасында шад атағын алады.

17 жасында Таңғұтқа, 18 жасында алты чұб, табғач, он тұтыққа жорық жасап жеңiске жеткен. Одан қырғыз, түргеш, қарлық, тоғыз оғыз және т.б. елдерге жорық шабуыл жасаған. Білге қаған (шамамен 685-734) - Екінші Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Күлтегіннің ағасы. Күлтегін Қапаған қаған ушықтырған тайпа ішілік соғысты тоқтату үшін 716 ж. әскери төңкеріс жасап, қағандыққа ағасы Білгені қойды. Ал Білге Күлтегінді әскербасы, ал қайын атасы Тоңыкөкті мемлекеттік кеңесші етіп тағайындайды. Осылайша билік басында Тан империясының саяси үстемдігіне қарсы үштік отырды. "Олар Ақылдың, Адалдықтың, Қайраттың өзара тіл табысып, елін-жерін көгерткен ұлы үштік ретінде тарихта қалды. Ал, Білге қағанның тұсында тек қана бейбіт дәурен орнады" (Т.Жұртбай. "Дулыға", 131 б.). Бірақ бұл құт-береке өздігінен келмеп еді. «Жалаңаш халықты тонды, аз халықты көп қылу» құны неге түскені Күлтегін үлкен жазуында былай баяндалған: «Әкеміз, ағамыз құраған халықтың атақ-даңқы жоқ болмасын деп, түркі халқы үшін түн ұйықтамадым, күндіз отырмадым. Інім Күлтегінмен, екі уәзіріммен өліп-тіріліп құрадым... Мен өзім қаған болғанда жер-жерге тарап кеткен халық өліп жітіп, жаяу жалаңаш қайта келді. Ең бірінші болып телес тайпасы оралды. Түргештер, қырғыздар бөрілі байрақ астына жинала бастады. Бұлардың бірқатарын ақыл-айламен, бірқатарын әскери күшпен қаратуға тура келді. Терістікте оғыз халқына қарсы, ілгері қатаң, татабы халықтарына қарсы, бергері табғашқа қарсы үлкен әскермен он екі рет соғыстым», - дейді Білге қаған (Күлтегін үлкен жазуы).

Түркі қағанаты күшейгенін мүлде қаламайтын «Ұлы Аспан» империясы Білгенің бейбіт келіссөзге келу жөніндегі ұсынысын ұнатпады. Қытай соғысқа дайындалып жатты. Бірақ, бұл жоспар іске асырылмады. Өйткені оларға 714 ж. Тибеттіктер шабуыл жасады. Түркілер біраз тыныстады. Әйтсе де, империялықтар ұсақ тайпаларды бір-біріне айдап салып, арандатып отырды. Білге қаған өздерін үнемі сатып кетіп, қауіп төндіре берген ұйғырларға қарсы жорыққа аттанып, оларды бағындырды. Одан соң Білге қаған татабтардың аттарын тартып алып, ойсырата жеңіліске ұшыратты. Осыдан кейін түркі әскері жұмылған күшке айналды. Осы кезде Тар түмен қарлықтарды талқандады. Солтүстік Жоңғария түркілердің қоластына кірді. 717 жылдың аяғында қала қағанатқа бағынды.

Енді қағанаттың алдында не істеу керек деген сауал туды. Сол кезде Білге қаған, Тоныкөк, Күлтегін сансыз көп ұрыстардан кейін түркі халқы өз-өзіне келуі үшін бейбіт өмірді қалпына келтіру керек деп шешті. «Уақыт ұтқылары келіп тұр» деп, Қытай Білге қағанның бейбітшілік жайындағы ұсынысын қабылдамай тастады. Түркілердің сол уақыттағы стратегиялық мұраты қорғаныс болды да, ол саясат пен идеология астарында өзін Қытайға қарсы қоюшылық жатқан еді. «ұлы үштіктің» арқасында түркілер 722 ж. Қытайларды талқандады.

Л.Н.Гумилев: «Жеңіске тек сыртқы ғана емес, ішкі жауларын жеңумен де келді. Елде тыныштық орнады. 716 ж. Жеңіскер түркілердің жағдайлары соншалықты мәз болмады. Білге қаған: «Мен бай халыққа хан болып отырмадым. Ішерге тамағы, киерге киімі жоқ, аянышты, төмен халыққа хан болып отырдым», - дей келе, халықпен қатынасу әдісін өзгерткендігін айтады. «Сонша құрап, біріккен халықтарды от пен су етпедім, олармен тіл табысуға ұмтылдым. Адал халқы мен адал қоғамы бар жерде мен жақсылық жасадым. Әлемнің төрт бұрышындағы халықты бейбітшілікке шақырдым, жауластырмадым, олардың бәрі маған бағынды»... Оның еңбегі құрудың аз-ақ алдында қалған халқын тірілтті, киіндірді, ештеңесі жоқ халықты байытты, аз халықты көбейтті деп бағаланады, - деп жазған. – Білге қаған түбінде Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Оны Қытайлықтар қаншалықты құптамаса да, мәмілеге келуге мәжбүр болды. Осылайша Білге қаған халқын 722-741 жылдар арасында 20 жыл бейбіт өмірмен қамтамасыз етті. Екі ел арасындағы бұл тыныштық Білгенің алғыр саясатшың арқасында орнықты.

722 ж. Кездесуде Қытайдың бұрынғы елшісі, түркіден шыққан сатқын 734 ж. Қытай жағының өтінішімен Білге қағанға у беріп өлтіреді. Ал Қытай императоры өзіне сезік түсірмес үшін қағанды жерлеу рәсіміне елші жібереді. Түркі тағына Білге қағанның ұлы Иоллығтегін отырды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.ISBN 9965-32-491-3</ref><ref>Н.Базылхан. Көне түрік бітіктастары мен ескеркіштерінің жинағы// «Қазақстан тарихы VIII-XX ғғ түрік тілді деректерде» атты сериясы бойынша. II том. — Алматы: Дайк-пресс, 2005.</ref>

Сыртқы сілтемелер

Тасқа қашалған таспалы ой орамдарынан елдік пен ерлік жайлы даналық сарындары сезіледі.


Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Ынтымақ-бірлік, татулық туралы

Түркіні бұзар - тәтті сөз. Асыл сөз туралы

Дарақылық үмітіңді үзіп, қанатыңды қияды. Мінез-құлық туралы

Әсіре даңқ пен асыра байлық ұятсыздық пен бұзақылық құшағында тұншықтырады. Мінез-құлық туралы

Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. Мінез-құлық туралы

Егер ел басшысы тоңмойын һәм сатқын болмаса - елдің бағы. Отан, туған жер туралы

Жауыңнан бұрын қимылда - жеріңе жамандық келмейді. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Тастағы жазудан тағлым алғайсың. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

Нағыз ер «дүние-мал» деп дірілдемес болар. Батырлық, ерлік туралы

Бақ болмайды басқа бақ - есің барда елің тап. Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы <ref>Әдебиеттер: Бичурин И. Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена. – А., 1998.; Гумилев JI.H. Древние тюрки. –М„ 1993.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

Үлгі:Түрік қағандары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Kz-hist-stub