Біз шаншар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:29, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Біз шаншар - еліміздің шығыс, оңтүстік өңірлерінде жаушы болып келгендіктің белгісі ретінде жасалатын рәсім. Түстік ас түсте, жаз кезінде таяқтың көлеңкесі жоғалып, күн шаңырақтың үстіне тіке шаншылған кезде ішіледі. Бұл кезде келген жолаушы, қонақ шайын ішіп, сыбағалы асын жеген соң аттанады. Ал «біз шаншуға» келгендер ешкіммен сөйлеспей, аттарының ер-тоқымын бір жерге жиып, түскі асын ішкен соң да кетпей жатып алады. Үй иесі қонақасыға кешінде мал сояды. Келгендер ертеңінде сиыр түсте үн-түнсіз аттанып кетеді. Мұндайда келетіндер, көбінесе ылғи шалдар болады. Қонақтар кеткен соң үйдегілер бұл сырды біле қойып, сырмақ қағады. Қайрағын іздейді. Сырмаққа шаншылған бізді көреді, қайрақтың жоғалғанын біледі. Бұл - «ұл ержетті, қыз бойжетті, бала бізде бар, қаса сұлу сізде бар, жекжат болайық» деген ишарат. Қызы бар үй қайрақты сұрамаса, бір жетіден соң әлгі шалдар және келіп, құда түседі. Әкесіне қарап ұлын, шешесіне қарап қызын сынайды. Қазақ кейде құдалықты осылай да бастайды.

Қазақта бізді көбінесе ұлдар, еркектер пайдаланады. Ал қыздардың тігін құралы - ине. Біз қатты қайырымға керек те, ине кестеге, киім-кешекке, жеңіл-желпі жұмысқа қажет.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Біз шаншар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}