Буын жарақаттары мен сырқаттары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Буын жарақаттары мен сырқаттары — адамның және малдың сүйектерінің түйіскен тұсы. Буындарда ұқсастық бар, әрі түрлі кінәратқа ұшыраған кезде халық емшілері оны ұқсас тәсілмен емдеген. Буынды сырғақ, ырғақ, изек, леп буын деген түрлерге бөледі.

Қазақ танымында белгілі болған буын аурулары мынадай: Буын бұлтию (аз мөлшерде іскеннен), шодыраю, ішіне сақарланған сарысу ұялау, сіресу, қатып қалу, Буын дорбасы зақымдалудан жыртылу, тесілу және т.б. Буында кездесетін мұндай кінәрат аурулар асқынса буын іріңдеу, кемік басы желіну қатарлы қауіпке ұшырайды. Буын ауру асқынған шақта тізе тұсына «шортізе» аталатын қос уыстай томпақ пайда болады. Ісікті қазақтар болат пышақпен тіліп, тарамыс астына ұялаған іріңді тазалайды да, құйрық май тартады. 3-4 күн қояды. Түйе тізесінің кінәраты «көкжорға» деп аталған ауруға қарсы сарыүйек деген улы жыланды өлтіріп жұтқызған. Буында ұшырасатын ауруларды буын таю және буын ауруы деген екі топқа бөледі. Төрт түлікте жиі ұшырасатын буын шығу немесе таюға топшы, иық, толарсақ, мойын, тобық, ұршық, сырға буындар жиірек ұшырайды. Шыққан буынды сынықшылар салған. Буынның орнынан жартылай ғана жылжып кетуін буын таю, ал жымдасқан буын беті өз қонағынан толығымен көшіп кетуін - буын шығу деп ажыратқан. Буын шыққанда оны қоршаған сіңірлер, қалталар, сүйектің түйіскен жеріндегі тері зақымданып, тіпті сүйегінің сынуы да мүкін. Шыкқан буын салбырап бос қалады, мал дәл сол тусын жерге сүйрей сүріп басады. Оны арқан, жіппен орап созатарту, тіземен, етік өкшесімен тебу тәсілдерімен салады. Ал тайған буынның әлегі онша емес, оны тоқпақпен еппен ұрып немесе арқанмен созып орнына келтіреді. Әсіресе, мініс атында ұршығы шығу, тобығы таю көп кездеседі. Ондай мал аяғын баспай әйенсектенеді, буынын жия алмай жазған күйінде қалады. Малда тек жілік буындары ғана емес омыртқа аралары, буғана таю да ұшырасады. Аттың мойны шыққан кезде ол иірленіп, оңқы-солды қисалаңдап қалады. Жеңіл түрі болса аттың құлағына су құйып жіберген кезде басын шайқаған қозғалысымен өздігінен орнынаа түседі деседі. Орнына түспесе аттың мойынын «жастық ағашқа» серпе ұрып орнына түсіреді де, екі ұзын жалпақ ағашты кескекше таңып байлап, 1-2 күн бойы қаңтарып қояды. Тосын қимыл жасағанда ат артқы тұяғының маңдайын шалыс басып, ағат адымдағанда дененің салмағы бір аяққа түскендіктен арткы аяқтағы сырға сүйектің таюы мініс атында көп кездеседі.

Мініс жылқысы мен өгізге ауыр жүк арту, алыс жолда үзақ қиналудан «қолы түсу» кінәратына тап болады. Ол жауырын, тоқбас жілік, йық айналасындагы бұлшық еттердің жаншылу, созылу, дүмпу салдарынан пайда болады. Сондай-ақ ат кенет қарғығанда және күштірек керіле шапқанда қалыпты аяқ алысынан жаңылып, артқы аяғы тұяғының мандайымен алдыңғы аяғының өкшесін, шашасын немесе шідерлігін шалыс басып қалудан «кесе басу» кінәратына тап болады. Қаракемік деп қазақтар малға суық өту және құрсақтағы төлге қорек жетіспеуден жіліктің майлы басындағы кеміктің езгеріске ұшырауын айтады. Мұндайда мал сүйегі күреңітіп, қарақошқыл тартады. Жылқыда «уа», түйеде «сүмек» аталатын буын аурулары кездеседі. Ол - толарсақ буынының қабынуы. Оны емдеудің түрі бірнешеу: Торғай қазақтары аттың арт жағына таяу келіп мылтықпен аспанға атып шошытса оқыс қимылдағаннан көп кешікпей жазылып кетеді деп есептеген. Қазақ емшілері Буын ауруларына қарсы көк самырсын (пихта) шайырын жағып оны шүберекпен орайды. Аурудың асқынған түріне оташылық жасап, алмас, тотияйын немесе уқорғасын түйірін суға езіп жағады. Сонымен бірге қажетіне қарай қасқыр өтін де қолданған. Жылқы мен түйенің толарсақ буынының қабынуын оташылық жолмен емдейді: толарсақтың ішкі жағын тесіп, дәріні жіпке байлап салады да, 2-3 күннен соң алып тастайды. Бұл тәсілді дәріні арқандап салу деп атайды.

Көбінесе жаңа туған төл шалдығатын буын ауруының асқынған ауыр түрі - буынқұрт жұқпалы ауру емес, зілді ауру түрі. Бұл сырқат көбінесе ботада жиі кездеседі. Бұынқұрт болған төлдің буын айналасын ірің жеп, ойып жібереді, тіпті жүріп тұруға жарамай қалады.

Мал жағдайын жақсы меңгерген қазақ емшілері буындағы жарақатты жарып, ірінді өлеттенген, бұзылған жалқаяқты сылып алып тастайды. Тазартылған қуысты шаң-тозаң түсуден қорғау үшін уқорғасын суымен жуып, байлайды. Мүмкіндігіне қарай екі-үш күнде бір рет осындай жолмеп жууды қайталау керек. Жуатын дәрінің суы қанжылым болған жөн. Егер уқорғасын суы сәл күшті келіп, жара ішін күйдіргендей болса, дереу жылы сүтпен жара ішін бірнеше рет жуып, дәрінің уытын қайтару керек. Сонымен қатар малдың күтімін жақсартып, дерттің барысын мұқият бақыласа, буын құрттан аман сақтап қалуға болады. Малдың тізе, тірсегі буын құрттан жазылса да, буынның табиғи қозғалысы кемиді, аяғын сылти басуы немесе ақсақ болып қалуы мүмкін.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Буын жарақаттары мен сырқаттары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}