Бусандыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Бусандыру - халық емшілігіндегі ыстықпен емдеу жолы, терлету тәсілі. Бусандыру жалпы емдеу тәсілінің атауы, ал оның ауру түріне қарай қолданылатын өзіндік сипатты түрлері көп-ақ. Мысалы, жіпсіту, яғни аз ғана терлету, көбіктендіріп терлету, аққұлақтандыру, бұршақтату, моншақтату, сел, қара, ащы, сасық, жан терлерін шығару, малма ету, сүмектендіру, сорпасын шығару, сүйек терін алу т.б.

Қаталаған жылқыны суарып болған соң, желе жортып бусандырады. Мініс атының арқасы кетіп, барттанып ісікке асқынса, оны құрым киізбен жабулап, сойылған қойдың өкпесі мен талағын аттың арқасына тартып, желе жортып бусандырады. Жөтелді емдеуде киізбен жабулап, басын дорбамен тумшалап, қайнатылған аршаның суымен булап бусандырып, қарағай бүрі немесе арша суымен суарған. Күшті жөтелмен білінетін жылқының қадақ, шаншу ауруларын басына жемдорба, үстіне кежім кигізіп, тұмшалап булау арқылы терлетіп емдеген. Жерді шұңқырлап қазып, ішіне от жағып, ыстық қоламтаға тұрғызып, ту сыртынан үй тігіп, тұмшалап бусандырған. Жылқының таңдай, тіл, танауда кездесетін ауруларын қарсы қандауырлау шарасын жасап, кейін тұз жегізіп, бусандырып терлетіп ем жасаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бусандыру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}