Бурят баспасөз, радио, теледидары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

10:44, 2014 ж. сәуірдің 19 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Бурят баспасөз, радио, теледидары–бурят тіліндегі алғашқы бұқаралық газет - "Шэнэ байдал" ("Жаңа өмір") 1921 жылы Читада жарық көрген.<ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5</ref>. 1922 жылы Иркутскіде орыс тілінде "Красный бурят-моңғол" газеті шыққан. 1923 жылы кітап баспасын ұйымдастырған.

Республикалық газеттері: "Буряад унэн" (1923), "Правда Бурятии" (1923), "Молодежь Бурятии" (1925), 1955 жылы "Байкал" атты қоғамдық-саяси және әдеби журнал шығып тұрған. 1969 жылы 17 аймақтық (аудандық) газет, 15 журнал және басқа басылымдар жарық көрген. Бурят тілінде радиохабар 1934 жылы, ал телехабар 1961 жылы жүргізілген. Улан-Удэде телеорталық жұмыс істейді, 1967 жылддан бері "Орбита" станциясы арқылы Мәскеу телехабарларын қабылдайды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}