Буряк Александр Алексеевич

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буряк Александр Алексеевич (1940-2002)Алтай өлкесі, Рубцов ауданы, Веселоярск селосында дүниеге келді.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Еңбек жолын орта мектепті бітіргеннен кейін Алтай трактор зауытында автомат станоктарын жөндеуші болып бастады. Әскерден кейін Томск политехникалық институтының механика факультетіне оқуға түсті. 1967 жылы дипломалғаннан кейін, Целиноград қаласына жіберілді.

1975 жылы қазан айында зауыт парткомына хатшы болып сайланды, ал 1978 жылдың мамырынан бастап эрозияға қарсы техника бойынша Целиноград өндірістік бірлестігі парткомын басқарды. Осы жылдары республикалық, одақтық және облыстык басылымдармен бел сенді араласып түрды.

1979 жылдың наурызынан бастап Целиноград партия обкомы баспасының директоры болып тағайындалды.

1992 жылы "Жаңа Арка" баспасын басқарды, өзі бас инженер қызметін атқарган республикалық Ақмола "Полиграфия" өндірістік бірлестігінің бас директоры болды.

Александр Алексеевич астананың Ақмола қаласына ауысуы кезінде көп күш-жігері мен ұйымдастырушылық қабілетін жұмсады. Қалалық полиграфияның қалыптасуының жақсы кезендері, еңбек ұжымдарының құрылуы, жаңа технологияны меңгеру мен жаңа нарықтық қатынастарға көшу Александр Алексеевич есімімен байланысты.

Буряк А.А. "Құрмет белгісі" ордені мен, "Қажырлы еңбегі үшін" және "Астана" медальдарымен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}