Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бура шөгеру"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Бура шөгеру - дәстүрлі шаруашылықта інгенді қайытудың, яғни қолдан ұрықтандырудың атауы. Ерте көктемде жасалатын шара. Әуелі күйі келген інгенді шөгеріп, оған шабынған бураны әкеліп салады. Ә.Диваевтың жазуынша, мұндайда әйелдер бураны інгенге алып барып «Сідігің алтын болсын, інген тапса сүтті болсын, атан тапса күшті болсын!» деп жалбарыну сөзін айтып тұратындығын айтады. Бураны екі-үш күн бойы қатарынан інгенге шөгереді. Малды шағылыстыру рәсіміне көбінде әйел адамдардың қатысуы ежелден келе жатқан түсінік, яғни әйелдің өсіп-өну, молаю идеясына қатысты екендігін меңзейді. Інгеннің қайыған, қайымағаны бір апта өткен соң бураны сол інгенге көрсеткен кезде белгілі болады. Егер інген қайыған болса, бура шөкпейді. Мұндайда бірлі- жарым түйесі бар адамдар қайыған інгенінің құйрығының түбіне кішкентай киіз байлап қояды. Бұл - келедегі басқа буралардың жанасып, ұрықтың ағып кетпеуінің алдын алу шарасы. Ал түйесі көп шаруашылықта мұндай шара жасалмайды, себебі бура келеге басқа бураны жолатпайды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бура шөгеру|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}