Бурабай қорымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бурабай қорымықола дәуірінен қалған зираттар тобы. Солтүстік Қазақстан облысы Щучье ауданы Бурабай ауылының (Бурабай курортының) жанында. Алғаш 1927 — 30 жылы П.И. Преображенский, Ю.А. Орлов, Б.Н. Жданов зерттеген. Жүйелі қазба жұмыстарын археологтар К. Ақышев, А. Оразбаев жүргізді (1954). Тас дуалдармен шаршы және дөңгелек етіп қоршалған 122 оба бар. Оның 32-сі қазылған. Әркелкі орналасқан қабірлердің басым көпшілігі Андрон мәдениетінің Нұра кезеңіне, ал кейбіреулері Атасу және Замараев кезеңдеріне жатады. Бірінде тас, бірінде топырақ, енді бірінде ағаш сияқты қосымша материалдар пайдаланылған. Қабірлер тас плиталармен, ішінара ағашпен жабылған. Ашылған қабірлердің алтауынан жерленген мүрде қалдығы табылса, қалғандарында өртелген басқа мүрделердің күлі мен тірісінде пайдаланған заттарын (сәнді қыш ыдыстар, қола пышақтар, алтын жалатылған қола сырғалар, алқалар, ине, біз, т. б.) қоса көму әдісі қолданылған.<ref name="source1">“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті