Будданың бамиандық ескерткіштері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

08:33, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Будданың бамиандық ескерткіштері – Будданың алып екі ескерткіші. Олар Бамиан алқабындағы будда монастырлер кешеніне жатады. Биіктіктері – 55 м, 37 м. Әлемді қауымдастықтар мен басқа Ислам мемлекеттерінің қарсылығына қарамастан 2001 жылы ескерткіштерді талибтер қиратқан болатын. Талибтер оны пұтқа табынатын орын деп есептеді.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%B0%D0%BD%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B5_%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%82%D1%83%D0%B8_%D0%91%D1%83%D0%B4%D0%B4%D1%8B</ref>

2001 жылы 26 ақпанда талибтердің басшысы мулла Мохаммед Омардың : «Құдай бір, ал мына ескерткіштер пұтқа табыну үшін тұрғызылған. Қазір және келешекте олар құлшылық нысаны болмас үшін қиратылуы керек» деген бұйрығынан кейін қиратылды.

2003 жылы ЮНЕСКОНЫҢ әлемдік мұралар қорының тізіміне Бамиан алқабындағы көптеген тарихи құрылыстар, соның ішінде будда монастырлері, Будданың алып ескерткіштері (қиратындылары мен сақталғандары), Гаугале қаласының орны мен мұсылмандар қамалдары енгізілді.

2011 жылы 14 наурызда ЮНЕСКО ескерткіштерді қалпына келтірмейтіндігі жайында айтты. Оған екі себеп болды: біріншісі – оның жұмыстарына 8-ден 12 миллион доллар кетеді, бірақ қажетті қаражат жоқ. Екіншісі – қалпына келтіру үшін ескерткіштердің жартысынан көп бөлігінде жаңа тастар қолданады. Ал халыққа жаңа ескрткіш емес көнелігін сақтаған ескерткіштер қажет деп түсіндірді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}