Буда

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Буда Екі мағынада қолданылады.

  • 1. Свитаның немесе свита бөлігінің (подсвитаның) нақтылы фациялық-литологиялық және полеонтологиялық өзгешелігімен сипатталатын шағын ғана бөлшегі; бұл

мағынасында әрбір Б. өзінің сандық немесе әріптік шартты белгісін иемденуі шарт.

    • 2. Кейбір ортақ белгілерімен сипатталатын тау жынысы қабатшаларының жиынтығы; бұл мағынасында Б.-ның өзіндік шартты белгіні иемденуі шарт.

Литологиялық-стратиграфиялық буда

Өзін кіріктіретін тау жынысытар қабатында литологиялық, сирегірек полеонтологиялық ерекшеліктерімен дараланатын, қалыңдығы біршама жұқа (ондаған м-ден аспайды) шөгінді тау жынысытар кешені. тау жынысытар қимасында өзіне ғана тән стратиграфиялық деңгейді иеленеді, әдетте свитаның немесе жаққабат бөлігінің құрам-бөлшегі болып табылады. Өзінің литологиялық ерекшеліктерін ұзақ қашықтықтар бойына (бірнеше жүз км) сақтауға бейім.

Қабаттар будасы

Кейбір ортақ белгілерімен сипатталатын онша қалың емес қабаттар жиынтығы; Қабатшықтар будасынан айырмашылығы бұлардың тау жынысытар қимасында бірнеше рет қайталануы шарт емес.

Қабатшылар будасы

Қабатшықтар тобынан тұратын буда, бұл буданың ішкі құрылысында белгілі бір бағытта өзгеру белгілері байқалады; өздерін кіріктіретін шөгінділер (тау жынысытар) қимасында мұндай будалар бірнеше рет қайталанады және жаңағы айтылған буда ішіндегі бағдарлы өзгерістер осы будалардың бәріне де тән болып келеді, яғни олар тау жынысы қимасында арнаулы ырғақтартар құрайды.

Фациялық буда

Бір ғана динамикалық белдем ауқымында түзілген қабаттар тізбегі.

Пелит

Құрам-бөлшектерінің мөлшері 0,001 мм-ден (екінші авторлар бойынша 0,005 мм-jxtn) аспайтын кез келген құрамды және кез келген текті тау жынысытар хақында қолданылатын жалпылама атау; тұнбаға түскен ұйық түйіршіктерінің мөлшері 0,01 лш-ден аспаған жағдайда, олар да П. атауымен аталып жүр.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}