Бронислав Михайлович Кузеняткин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:52, 2017 ж. сәуірдің 13 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Бронислав Михайлович Кузеняткин(4.5.1946 жылы туған, Қарақалпақстан, Шымбай қаласы) әскери қайраткер, авиация генерал-майоры, I класты әскери ұшқыш.

1967 жылы Әскери-әуе күштері училищесін, 1977 жылы Ю.Гагарин атындағы Әскери-әуе академиясын бітірген. 1967-91 жылдары КСРО Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, полк командирінің орынбасары, полк командирі, Орта Азия әскери округі Әскери-әуе күштері қолбасшысының орынбасары кызметтерін атқарған. 1991- 97 жылдары авиация корпусы командирінің орынбасары, ҚР Әскери-әуе күштері басқармасы қолбасшысының 1-орынбасары болды.

Көптеген медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>А 31 Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер