Боғда Қараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Боғда Қараұлы (17651845) — күйші композитор. Абылдың күйшілік дәстүрін жалғастырушы. <ref>Ақтөбе жұрты атақты күйші-композитор Боғда Қараұлын еске алды</ref>

Оның күйлері Ақтөбе, Орал, Маңғыстау өңірінде кеңінен таралған. Б.Асан Қайғының, Соқыр Есжанның күйлерін шебер орындаумен қатар “Алпыс екі Ақжелеңді” түгел тарта білген күйші. Ол Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісін қолдап, Махамбет Өтемісұлымен жақсы қарым-қатынаста болған. Боғданың кең тараған “Боз төбе”, “Жем суының тасқыны”, “Екіндіде ел іздеген”, “Боғда”, “Қара жаяу” күйлері — терең филосиямен толғауға толы лирикалық туындылар. Олардың мейлінше сұлу, қалыпты ырғағынан қайрат, сабырлылық пен жігерлілік сезіледі. Бізге жеткен шығармаларының ішінде дәстүрлі жанрдағы “Сегіз лақ” (ортеке жанрында), “Кербез Ақжелең” мен “Кербез Керік” (Ақжелең жанрында) тәрізді күйлері де мазмұндылығымен, бейнелеу мәнерімен, өзіне ғана тән ерекшелігімен назар аудартады.

Қазіргі орындаушыларға Боғданың оншақты күйі белгілі. Оның “Боз төбе” күйін ең алғаш А.В.Затаевичке орындап беріп, нотаға түсірткен Ғ.Мұхитов. Одан кейін күйші мұрасын арнайы зерттеген — Т. Мерғалиев. Боғда күйлері белгілі домбырашылар С.Жалмышев, Боғда Басығараевтардың репертуарынан орын алған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}