Боғат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Боғат (Бұғат) - қабырға мен дуалдың үстінен екі шеті шығыңқы салынған қамыс. Үйдің боғаты қабырғаны жауын-шашыннан сақтайды. Үйдің төбесі мен қабырғасының қосылған жерін де боғат деп атайды.


Сәулет өнерінде ғимарат қабырғасының төбежабынмен түйіскен жері де боғат деп аталады. Қарапайым тұрғын үйлерде боғат деп итарқа сырғауылдарының (шабақтарының) қабырға жағындағы ұшы шығып тұрған белдеуді айтады. Сәулет өнерінде Қожа Ахмет Иасауи ғимараты қасбетінің бұғатын эпиграфикалық белдеу етіп жасаған.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}