Бота телу

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бота телу - жеріген ботаны телу шарасы. Жетім қалған төл ашығады, ал төлі ембеген інген емшегін сүт керіп, ауруға шалдығады. Сондықтан бота мен інген арасындағы «үзілген байланысты» реттеу мақсатында телу шарасын жасайды. Телу шарасы жағымды әсем әуенмен, қуатты сөзбен інгеннің аналық түйсігін оятуға, мейірімін төгілтуге бағытталады, сонда ғана інген жас төлді жатсынбай қабылдайды. Қазақтар қозыны телігенде қоңыр ырғақпен төйтелеп, ешкіні шөрелеп, сиырды әукелейді, яғни осындай одағайларды қайталап айта отырып, телу шарасын атқарады.

Ертеде жеріген інгенге әйел адамды теріс қаратып мінгізіп, ауылдан ауылға жетелеп, әбден шаршатып, содан соң бота телуді бастаған дейді кейбір деректерде. Дәстүрлі ортада көбіне қобыз бен сыбызғы әуеніне, кейде домбыраға суйеніп, әуен ойнап бота телуген. Төрт түлік ішінде аса сезімтал әрі аналық түйсігі ерекше дамыған, үн мен сазға еліткіш түйе түлігінің осы қасиеттері ауыз әдебиеті мен фольклорлық музыкалық шығармаларда кеңінен бейнеленген. «Нар идірген» және «Бозінген» сиякты күй мазмұндарынан осы жайттар тереңнен ашылады. Өз ботасының ешбірін де емізбей, өлтіре берген тасбауыр інгенді қарт күйші домбыра тартып исіндіріп, жас төлін бауырына алғызған екен. Сондағы тартылған әуен «Нар идірген» деген атпен бізге жеткен дейді халық аузындагы аңызда.

Ел арасынан жиналған ауызша деректерде кейде ботаны телігенде екі түрлі дұға жазып, оның бірін езіп ботаға жағып сипаса, екіншісін ботаның мойнына таққаны туралы айтылады. Байырғы ортаның інгенге бота телу шарасы оның архаикалық сипатынан, көшпелілерге тән генезисінен хабар береді. Жоңғарлардың «Түйе тартыс» ден аталатын інген жүрісін суреттейтін күй ырғағы, халхалардың «лимбэ» аталатын аэрофон аспабымен орындалатын созылыңқы әні, тывалардың көмеймен орындалатын әуені - бәрі де осыны айғақтайды. Еділ қалмақтарында «Жәңгір» эпосының әуенімен төйгелеу жырын орындағанда, інген әуенге елтіп боздап, көзінен жасы мөлтілдеп, ботаны бауырына басып, емізе бастайды екен. Қазақта әуенмен орындалатын мұндай мәтін ерте кезде болғанмен, бізге дейін жетпеген. Тек қана «Нар идірген», «Бозінген» секілді күй аңызында осы ғұрыптың ұшқыны қылаң береді. Тіліміздегі «түйенің құлағына домбыра ойнағандай» деген сөз орамы ботаны телігенде інгеннің құлағына күй тартатын ғұрыпқа байланысты қалыптасса керек.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бота телу|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}