Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Бота жабдығы"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

19:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі нұсқасы

Бота жабдығы - жас ботаны суықтан, жаңбырдан қорғайтын арқа, сауыр, бүйірін қаусыра қымтайтын, шоқтық пен шонданайды жабатындай ұшы төмен салбыраңқы келген жабдық. Ол жұмсақ теріден немесе матадан сырылып жасалады. Бота жабуының өркеш тусына доғал тесік қалдырады немесе доғалдандырып шығыңқы етіп бітеу жасайды. Көтерем, арық түнелерге де жүндеген соң, бота жабуына ұқсатып суықтан қорғайтындай жабу жабылады.

Бота төбелдірігі - киізден жасалатын, ботаның төбесі мен маңдайы тоңбауы үшін төбесіне байланатын бота жабдығы жабын, яғни милығы жоқ таяздау келген жас баланың құлақшынына ұқсас, бауы сағақтың астынан байланады. Сонымен қатар мұндай жабдықтың төбешік, төбелік, төбелдірік деген атаулары да кездеседі. Дәстүрлі ортада «Түйе баласы - төpe баласы» деген сөз орамы бар. Бұл түйе түлігінің өте нәзік, кірпияз болатындығынан, ерекше күтімді талап етуіне байланысты айтылса керек.

Бота ноқтасы - бота басына кигізілетін, жетелеуге, байлауға арналған жүннен тоқылып жасалатын әбзел түрі. Ботаға тіл-көз тимесін деген мақсатта түрлі түсті жіптен өріліп, тоқылып, құр тәрізді таспаланып жасалады. Тіптен қоңырау да тағылады. Көшпелілердің ежелгі түсінігі бойынша, әшекейленген немесе көзтас қондырылған ноқта-жүген малды, сонымен қатар мал иесін тіл-көзден қорғап сақтайды. Сондықтан оларды аттап өтуге тыйым салынады, малдың құты қашады дейді және бұларды құт санап ырымдайтындықтан, басқа адамға беруді де жөн санамайды.

ҚР MOM қорындағы бота ноқтасы қайыстан жасалған, металл шығыршықтар бекітіліп, қоңырау байланған. Сағалдырықтың тұйығына ілінген бүлдіргіге мыс қоңырау байланған. Ноқтаның ұындығы 54 см, ені 3 см.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бота жабдығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}