Ботагөз Амандосқызы Ақанаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:49, 2017 ж. сәуірдің 12 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Ботагөз Амандосқызы Ақанаева

1971 жылы 29 наурызда Алматы облысы Мичурин атындағы кентте туған. Қазақ.

Әкесі - Ақанаев Амандос Әтибекұлы (1948 жылы туған ), кескіндемеші, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері. Анасы -Бубэ Нелли Витальевна (1949 жылы туған ), кескіндемеші.Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің театр-декорация факультетін бітірген (1990), театр декораторы. Фабрис де Вильнев кескіндеме студиясында тәжірибеден өткен (Канада, 1997-1999).

ҚР Көркемөнер академиясының толық мүшесі.«Тоқыма, керамиканы енгізе отырып рельефтік кескіндеме жасауға» патенті бар (1997).

Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, мүсін, дизайн.

1990-1993 жылдары - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының декораторы. Отандық және халықаралық «Жігер» (Алматы қаласы, 1991),«Рождественские сказки» (Мәскеу қаласы, 1993), «7 галерея» (Мәскеу қаласы, 1995), «АРТ-МИФ» (Мәскеу қаласы, 1993), «ҚР Суретшілері» (1998), «Ботагөз Монреалда» (Монреаль қаласы, 1999),«Ұлы көшпенділердің алаулары» (Астана қаласы, 2001), «Реализм шектері» (2004), «Адамдар мен қоныстар» (БҰҰ желісі бойынша, Алматы қаласы, 1994) көрмелеріне қатысқан.Жұмыстары «Шығыс галереясында» (Мәскеу қаласы), «ҰласуАртта» (Алматы қаласы), Третьяков галереясында (Мәскеу қаласы),«NordTa» (Монреаль қаласы, Канада), «ОЮ-да» (Алматы қаласы),«Ұмай Тәңіріде» (Алматы қаласы), «Шежіреде» (Астана қаласы), Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қойылған.Шығармаларының басым көпшілігі әртүрлі техникалар мен материалдарды пайдалану арқылы рельефтік кескіндеме техникасында орындалған.

Жүмыстары Трөтьяков галереясы (Мәскеу қаласы), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы (Алматы қаласы), Виллафамес Қазіргі өнер мұражайы (Испания), Монреаль қаласының Муниципалдық мүражайы (Канада), Канада генерал-губернаторының мұражайы (2000) жинақтарында,сондай-ақ Қазақстан, Ресей, АҚШ, Канада, Франция, Испания, Италия, Израиль, Германия, Түркия, Мысыр және басқа да елдердің жекеменшік коллекцияларында сақталуда.ҚР Суретшілер одағы жастар бірлестігінің мүшесі. ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық сыншылар және өнертанушылар қауымдастығының (АІСА) толық мүшесі (1996).БҰҰ желісі бойынша арнаулы сыйлықтармен марапатталған. Мәдениет қайраткері.

Тұрмыста. Жұбайы - Антощенко-Оленев Милослав Валентинович (1981 жылы туған), мүсінші-кескіндемеші. Ұлдары - Мырзалиев Мұхит (1989 жылы туған), Антощенко-Оленев Глеб (2002 жылы туған); қызы - Антощенко-Оленева Рада (2000 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Bio-stub