Нұсқалар арасындағы айырмашылық: "Борыққамыс"

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ш Қазақстан флорасы» деген санатты қосты (HotCat құралының көмегімен))
 
ш (1 түзету)
 
(айырмашылығы жоқ)

10:59, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі нұсқасы

Үлгі:Taxobox Борыққамыс немесе Қант қамысы (Үлгі:Lang-la) – астық тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы.

Тропиктік және субтропиктік аймақтарда өсетін 12 түрі белгілі.

Оның мәдени түрі Үлгі:Lang-la Оңтүстік-Шығыс Азиядан тараған. Биіктігі 6 м-ге дейін, сабағының жуандығы 5 см-дей болады. Жапырағы ұзын, жалпақ, сабаққа кезектесіп орналасады. Борыққамыс қалемше арқылы көбейеді. Жылына 3 – 5 рет орылады. Оның сабағында 16 – 18% сахароза болады. Борыққамыста қант, спирт, т.б. өндіруге, малға жем ретінде пайдаланады.

Қазақстанда оның бір түрі – Жабайы борыққамыс (Үлгі:Lang-la) Сырдарияның тоғайлы алқаптарында, кейде тау етегінде, өзен жиегінде, егінжайда, арық жиектерінде кездеседі. Биіктігі 2 м-дей, сабағы қатты, бірақ өзегі борпылдақ, жапырағы жіңішке, ұзын болады. Гүлшоғыры сыпыртқы тәрізді. Мамыр – шілде айларында гүлдейді. Сабағында 2 – 4% сахароза болады. Жабайы Б-ты балғын кезінде мал сүйсініп жейді, сүрлемге салуға болады. Сабағынан ши тоқиды, жапырағынан арқан еседі, ширатып қапшық жасайды. Оның өңдеуден кейінгі қалдығын құрылыс материалдарын дайындауға және отын ретінде пайдаланады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>