Борпылдақ ұлпа

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Борпылдақ ұлпа (textus laxus; лат. textus — ұлпа; laxus - борпылдақ) - адам мен жануарлар организмдері көптеген мүшелерінің құрамында кездесетін, денеде ең көп тараған дәнекер ұлпасы. Борпылдақ ұлпа — жасушалардан (фибробластоциттер, макрофагоциттер және т.б.) және жасушааралық заттан (коллаген, эластин, ретикулин талшықтары, пішінсіз — аморфты негізгі зат) тұрады. Фибробластоциттер — борпылдақ ұлпасы жасушааралық затының негізін құрайтын талшықтарды түзеді, ал макрофагоциттер немесе гистиоциттер (моноцитгер туындысы) — қорғаныс қызметін атқарады. Борпылдақ ұлпада бұлардан басқа адвентициальды жасушалар, плазмоциттер, ұлпа базофилдері (шырлы жасушалар немесе лаброциттер), адифоциттер (липоциттер немесе май жасушалары), лимфоциттер болады. Борпылдақ ұлпаның жасушааралық затына: коллаген және ретикулин талшықтары (беріктік қызмет атқарады) мен эластин талшықтары (серпімділік қасиеттер береді) жатады. Ал аморфты зат — борпылдақ ұлпаның бірыңгай негізін құрайтын пішінсіз зат. Борпылдақ ұлпадағы зат алмасу процесін — ұлпа сұйығы іс жүзіне асырады. Ол борпылдақ ұлпа арқылы үздіксіз ағып жатады және тұрақты қозғалыста болады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Борпылдақ ұлпа|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}