Борнит

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

13:52, 2016 ж. қаңтардың 21 кезіндегі Batyrbek.kz (Талқылауы) істеген түзету

Борнит, шұбар мыс кентасы (Австрия минералогы И. Борнның құрметіне аталған) — сульфиттер класының минералы. Химиялық формуласы: Cu5FeS4. Минералдық агрегаты тұтас масса немесе сеппе түрі де болады.<ref name="source1">«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref> Түсі қара, мыстай қызыл, шұбар, металдай жылтыр. Қаттылығы 3, меншікті салмағы 5,3 г/см3. Эндогенді мыс кендерінде, олардың қайта құнарлану белдемінде түзіледі. Борнит Қазақстанның барлық мыс кен орындарында кездеседі. Ол Жезқазғанның негізгі мыс кентасы.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Geology-stub