Борис Александрович Быков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

15:14, 2017 ж. сәуірдің 3 кезіндегі Нұрлан Рахымжанов (Талқылауы) істеген түзету

Сурет:Борис Быков.tif
Борис Александрович Быков

Борис Александрович Быков(15.12.1910, Ресей, Кострома облысы Галич қаласы — 14.05.1990, Алматы) — ғалым, биологиялық ғылымдарының докторы (1957), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1961), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері (1968).


ҚазМУ-ді бітірген (1939). Қазақстан ҒА-ның Ботаника институтында (қазіргі Ботаника және фитоинтродукция институты) ғылыми қызметкер, директордың орынбасары (1946 — 60), директор (1960 — 65), лаборатория меңгерушісі (1965 — 75) болған. Негізгі ғылыми еңбектері геоботаника мен өсімдіктер жүйеленіміне арналған. Ол 1951 — 52 ж. Каспий маңы геоботаника экспедициясын, 1957 — 62 ж. Орталық Қазақстандағы биокешендік зерттеулерді, 1964 — 70 ж. республиканың шөлді өңіріндегі жайылымдарды тиімділікпен пайдалану және жақсарту жөніндегі экспедициялық зерттеулерді басқарды. Республиканың, оның ішінде Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау облыстарының геоботаникалық карталарын құрастырды, Қазақстанның жайылымдары мен шабындықтарының жіктелімін жасады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер