Болыс (әкімшілік бөлініс)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

22:28, 2017 ж. сәуірдің 22 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Болыс - қазақ жерінің патшалық Ресейдің қоластында болған кезіндегі аумақтық әкімшілік бөлінісі, оязға (уезд) қараған әкімшілік аймақ, территориялық құрылым. Ресей империясы қазақ даласындағы хандық билікті жою және отарлық билікті күшейту мақсатында 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы жарғы» негізінде Ресейге шекаралас және шекараға жақын орналасқан орта жүз қазақтарының қоныстарын ауылға, болыстыққа, округтерге бөлген. 1824 жылы «Орынбор қазақтары туралы Жарғы» қабылдап, бұл жүйе Орынбор өлкесінде де жүзеге асты. Қазақтардың саяси басқару институтын жою отарлау саясатының ең басты міндеттерінің бірі еді. Жарғы бойынша ауыл 50-70 түтіннен, Болыс 10-15 ауылдан, уезд 15-20 болыстан тұрды. Сонымен қатар патша үкіметі жүргізген 1867-1868 жылдары реформаға сәйкес Болыстардың құрамына әрқайсысы 100-200 түтіннен тұратын шаруашылық ауылдар кірді. Мұндай ауылдардың саны 1000 түтіннен 3000 түтінге дейін барды.

Бұл әкімшілік органдар қазақ даласындағы дәстүрлі басқару жүйесін және оның саяси және идеологиялық кеңістігін бірте-бірте ығыстырды. Жаңадан орнаған билік жүйесінің басына жоғарыдан патшалық режим сайлаған сұлтандар келді, ал ауылды старшындар (ауылнай) биледі, осылайша баскарудың жаңа жүйесі пайда болды. Болыстардыц әкімшілік аймақ ретіндегі болыс шекарасы қалыптастырылып, халық оның ережелерін сақтап отырды. Болыстық шекарасының сақталуына уезд басшылары аға сұлтандар, болыстар бақылау жасап отырды. XIX ғасырдың соңында Қазақстанда 300 болыс болған, ал әр облыстағы саны бойынша Орал облысында - 44, Торғайда - 43, Ақмолада - 50, Семейде - 74, Жетісуда - 89 болыс болған. Болыстықтың көлемі ауыл көлеміне қарай әртүрлі болды. Мысалы, 1868 жылы Илецк уезінде 8 болыс, 41 ауыл, Ырғыз уезінде 7 болыс, 34 ауыл, Николаевск уезінде 8 болыс, 51 ауыл, Торғай уезінде 5 болыс, 23 ауыл т.б.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болыс (әкімшілік бөлініс)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}