Болыс (лауазым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

16:31, 2012 ж. тамыздың 18 кезіндегі Polat Alemdar (Талқылауы) істеген түзету

Болыс - қызметтік лауазым, болыстықтың басшысы, басқарушысы. Болыстар 50 үйден бір сайлаушы қатысатын елубасылардың съезінде 3 жыл мерзімге сайланып, оларды әскери губернатор бекітіп отырған. Болыстар немесе сұлтандар өз қарамағындағы әкімшілік аймаққа билік жүргізіп, патша үкіметінің жарлықтары мен сот үкімдерінің орындапуын қадағалады, ауылдарға жайылымдық шабындық жерлер бөліп беру, жер дауы, салық салу және жинау мәселелерін шешіп отырды.

Әрбір ауылды уездік басқарма бекіткен 3 жылға сайланған ауыл старшинасы, ал болыстарды сұлтандардың өз арасынан 3 жылға сайланған сұлтан, уездік басқарманы аға сұлтан басқарды; уездік басқармада облыс бастығы бекіткен екі орыс шенеунігі, старшындар мен билер және 2 жылға сайлаған екі қазақ отырды. Ауыл старшындары қазақтардан сайланды, болыстыққа сұлтандар сайланып, шын мәнісінде бұл қызмет атадан балаға мирас болып қалдырылып отырды. Сондықтан да сайлауға әр ру-тайпа Болыс қызметіне өз адамын өткізу үшін барынша жанталасқан. Болыс қызметі Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әкімшілік саяси өзгерістерге байланысты жойылды.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Болыс (лауазым)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}