Болжамдық бағалау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Болжамдық бағалау. Мұнай мен газ кендерін геологиялық-барлау жұмыстарының бағыты мен көлемін жоспарлауға қажетті геологиялық нысандардағы көмірсутектердің болжамдық ресурстарын сандық тұрғыдан бағалау. Болжамдық бағалау әр түрлі геологиялық (алап, кешен, тағы басқа) және әкімшілік (облыс, аудан, тағы басқа) нысандардың мұнаймен және газбен қанығуының геологиялық, геохимиялық, гидрогеологиялық тағы басқа белгілердің кешені негізінде болжаудың арнаулы әдістері көмегімен жүргізіледі. Болжамдық бағалау болжау деңгейімен, болжаудың басты нысандарының түрімен және мәселені шешу ретімен анықталатын көптеген болжау мүдделерінің жүйесі болып табылады. Нысандар мен болжам деңгейлері мұнайгаздың аудандастыру барысында дербестеледі. Болжаудың ең ірі нысаны ретінде әдетте шөгінді алап алынады, бірақ кейбір жағдайларда бұл рөльді мұнай-газ қалыптасуының тұйықталған аймағы немесе жекелеген кешендер де атқаруы мүмкін. Болжаудың белдемдік деңгейі жекелеген тектоникалық элементті немесе мұнай мен газ жинақталуының белдемдерін болжамдық бағалау шараларын қамтиды. Ал болжаудың жергілікті деңгейі барысында жекелеген антиклинальдық, стратиграфиялық, литологиялық тағы басқа тұтқыштардың өнімділігі бағаланатын болады. Болжаудың әрбір деңгейі қолда бар деректерге сүйене отырып бірнеше мүдделерді рет-ретімен шешіп беруге көмектеседі, олар: нақтылы аумақтың мұнай мен газға деген мүмкіндіктерін сапа тұрғысынан бағалау; нысандағы көмірсутектер ресурстарының жалпылама қорын бағалау; көмірсутектерді шикізат түрлері тұрғысынан саралау; сол шикізаттардың сапалық сипатын нақтылау (пайдалы қоспалар мөлшері, физикалық-химикалық ерекшеліктері тағы басқа). Болжамдың бағалауды жүргізудің түпкі мақсаты — қорын геологиялық-экономикалық тұрғыдан бағалау, сөйтіп кен ресурстарын игерудің ұтымды жолдарын анықтау.

Болжамдық ресурстарды сандық тұрғыдан бағалау.

Мұнайға, газға, немесе мұнай мен газға деген мүмкіндіктері бар болжам аумағындағы жекелеген есептеу бөлікшелеріне мұнайгазды кешендердегі мұнайдың, газдың, конденсаттың және олардағы ілеспе құрамбөліктердің болжамдық ресурстарының мөлшерін қорлардың меншікті тығыздығы әдістері көмегімен анықтау.

Мұнайдың, газдың, конденсаттың болжамдық ресурстарын бағалау.

Көмірсутектердің бағаланып отырған аймағындағы шөгінді тыстың ауқымы немесе қимасы бойынша таралуының сандық көрсеткіштерін сипаттайтын бір-бірімен байланысты сапалық бағалау (көмірсутектердің туындауына және жинақталуына қолайлы геологиялық факторлар кешенінің кеңістіктегі өзгерістерін анықтау және зерттеу) және сандық бағалау әрекеттері көмегімен флюидтерді жеке-жеке болжауға негізделген болжам ауқымындағы мұнайдың, газдың, конденсаттың оларға ілеспе құрамбөліктердің болжамдық ресурстары мөлшерлерін анықау.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}