Болашақ (Маңғыстау облысы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

14:17, 2016 ж. қазанның 6 кезіндегі ArystanbekBot (Талқылауы) істеген түзету

Үлгі:Мағына Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

БолашақМаңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы ауыл. Болашақ ауылдық округінің орталығы, темір жол стансасы.

Тарихы

Болашақ 2012 жылы темір жол станциясының базасында құрылды. Ауылдың әкімшілік-аумақтық құрамына Бестөрткөл, Құрмаш және Тайғыр разъездері кіреді.<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Болашақ - Солтүстік - Оңтүстік халықаралық транспорт дәлізінің шығыс тармағында орналасқан шекаралық теміржол станциясы.

2013 жылдың 11 мамырында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түрікменстан президенті Гурбаноғлы Бердымұхаммедов станцияны салтанатты түрде ашты.

2014 жылдың желтоқсанына қарай станцияда 500-ге жуық адам өмір сүрді. Станция тұрғындарының негізін теміржол жұмысшылары құрады. Станциядан жұмыс күндері "Жаңаөзен - Болашақ" пойызы жүреді. Станция дәрігерлік амбулаториясымен, бірнеше балалар алаңымен, моншамен, наубайханамен, асхана және дүкенмен қамтамасыз етілген.

Халқы

2014 жылға қарай «Болашақ» селолық округінде 514 адам тұрды. Соның ішінде 5 жасқа дейін – 116 бала, жасөспірімдер саны – 98, 15 жастағылар саны – 5, 16-58 жастағылар саны – 290, зейнет жасындағылар саны – 5-еу болды.

2014 жылы туған бала саны – 19, қайтыс болғандар саны – 3 адам болды.

Білім беру саласы

2013 жылдың 2 қыркүйегінде ауылда 80 орындық орта мектеп ашылды. 2013-2014 оқу жылы 84 оқушы қамтылса, 2014-2015 оқу жылында оқушы саны 136-ға жетті. Мектепте барлығы 43 қызметкер жұмыс жасайды. Мектеп қызметкерлері баспанамен қамтамасыз етілген.

Денсаулық саласы

2014 жылға қарай ауылда аудандық емханадан іс-сапармен 1 терапевт пен 1 медбике жұмыс жа­сап жатыр.

Инфрақұрылымы

Ауыл көгілдір газбен, ауыз сумен, электр энергиясы­мен 100 пайыз қамтылған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қарақия ауданы елді мекендеріҮлгі:Kz-geo-stub