Болат Тәнзілұлы Омар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

09:34, 2017 ж. сәуірдің 19 кезіндегі Moderator (Талқылауы | үлесі) істеген түзету

(айырм) ← Ескі түзетулер | Ағымдағы түзетулер (айырм) | Жаңа түзетулер → (айырм)

Болат Тәнзілұлы Омар - 1947 жылы 14 желтоқсанда Павлодар облысы Баянауыл ауданының Баян ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Омаров Тәнзіл, марқұм, ҚазКСР ІІМ қызметкері болған. Анасы - Төлегенова Ұлболсын, марқұм, қазақ тілі пәнінің мұғалімі болған.

Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының қойылым факультетін бітірген (Мәскеу қаласы, 1971), деректі кино және телефильм режиссері. Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино және ТВ режиссурасы» кафедрасының доценті (2007 жылдан).

40-тан астам жұмыстың сценарий авторы және режиссері, оның ішінде:

  • «Сиқыршылар жиналды» (1976),
  • «Саған деген махаббатым туралы ән» (1976),
  • «Сазды Алматы» (1977),
  • «Қазақстанның әуендері мен бояулары» (1985) деректі фильмдері;
  • «Көртышқан мен қоян» (1978),
  • «Қаңбақ-шал» (1979),
  • «Үш шебер» (1981)

мультипликациялық фильмдері;

  • «Ай астындағы үй» (1982),
  • «Таулардан биік» (1988),
  • «Восточный коридор или Рэкет по...» («Өркен-фильм» киностудиясы, 1991) көркем фильмдері;
  • «Қазақстанның әуендері мен бояулары» музыкалық фильмі (1985);
  • «Мүшел, немесе Жануарлар сайысы» анимациялық фильмі (2010) және тағы басқа.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін біледі.

1971 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының режиссері. 1988 жылдан - «Катарсис» шаруашылық есеп киностудиясы басқармасының төрағасы. 1989 жылдан - «Өркенфильм» шаруашылық есеп киностудиясы басқармасының төрағасы. 1996 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының компьютерлік графика оқытушысы. 1998 жылдан - ҚР Президентінің телерадиокешенінде компьютерлік графика бас маманы және режиссер. 2000 жылдан - Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясының жарнамалық клиптер мен бейнесюжеттер режиссурасы шеберханасының оқытушысы. 2002 жылдан - «Қазақстан» РТРК кинобағдарламалар және арнаны әрлеу бөлімінің бастығы. 2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ анимациялық фильмдер мен режиссуралар бірлестігінің редакторы, қоюшы режиссері. 2009 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының компьютерлік анимация және үш шамалық анимация негіздері пәнінің дәріскері.

Қазақстан кинематографистер одағының хатшысы (2008 жылдан).

«Еңбектегі озаттығы үшін» медалімен (1981), «КСРО халық шаруашылығын дамытудағы қол жеткізген табыстары үшін» КСРО ХШЖК қола медалімен марапатталған.

Әскери атағы - кіші сержант.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген тәуелсіз республика».

Хоббиі - кітап оқу, сценарий жазу, компьютерлік графика.

Сүйіп оқитын әдебиеті - Н.В. Гоголь, А.С. Пушкин, М. Булгаков, А. Рюноске.

Үйленген. Жұбайы - Жұмағүлова Раиса Кәріпқызы (1948 жылы туған), зейнеткер, экономист болып жұмыс істеген. Ұлдары - Омаров Сұлтан-Темір (1974 жылы туған), Омаров Санжар (1977 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub